15 сәуір 2024
Осы мақаламен бөлісіңіз2024 жылғы 13 сәуірде Қазақстанға ресми сапары аясында Грузия Парламентінің Төрағасы Шалва Папуашвили NU-ға келді.
Сапар мақсаты – еліміздің жетекші университетінің қызметімен танысу және қазақстандық ғалымдардың ғылыми жобаларымен танысу.
Кездесу барысында NU Президентінің міндетін атқарушы доктор Илесанми Адесида Шалва Папуашвилиге ғылыми-зерттеу университетінің қызметі, оның принциптері, дамудың негізгі кезеңдері мен халықаралық беделді рейтингіне кіруі туралы айтып берді.
Сапар барысында мәртебелі қонаққа NU кампусының бас жоспары, жоғары функционалды зертханалар, соның ішінде электронды микроскопия зертханасы көрсетілді. Мұнда NU ғалымдары өте қуатты микроскоптардың көмегімен нанообъектілер зерттейді.
Сапар соңында Грузия Парламентінің Төрағасы Шалва Папуашвили университет студенттерімен кездесіп, олар Қазақстан-Грузин қарым-қатынасының дамуы туралы ойларын ортаға салды, сонымен қатар олардың оқулары мен университетте ғылыми жобаларды жүргізу мүмкіндіктері туралы әңгімеледі. Грузиялық парламентарий университеттің әлеуетін жоғары бағалап, қонақжайлықпен қарсы алғаны үшін алғысын білдірді.