барлық жаңалықтар
8 қазан 2025 #Ғылым

NU ғалымы Қарағанды университетінің Құрметті профессоры атанды

NU ғалымы Қарағанды университетінің Құрметті профессоры атанды

8 қазан 2025

Осы мақаламен бөлісіңіз

NU ғалымы Қарағанды университетінің Құрметті профессоры атанды.

NU Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің профессоры, National Laboratory Astana жанындағы Жаңартылатын энергия көздері зертханасының жетекшісі Нұршат Нұражи академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Құрметті профессоры» атағына ие болды.

Марапаттау рәсімі көрнекті ғалым, университеттің алғашқы ректоры, академик Евней Бөкетовтың 100 жылдығына арналған «Жібек жолы химиясы: заманауи химиялық технологиялар және ғылым» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында өтті.

Профессор Нұршат Нұражи он жылдан астам уақыт бойы NU мен Қарағанды университеті арасындағы ғылыми ынтымақтастықты дамытуға белсене үлес қосып келеді. 2012 жылдан бері ол алты PhD докторантын дайындап, Scopus базасына енген беделді ғылыми журналдарда шамамен 30 мақала жариялауға атсалысты, сондай-ақ магистранттар мен докторанттарға дәріс оқыды. Ғалым Қарағанды университетінің Хабаршысы журналында полимерлер мен нанотехнологияларға арналған арнайы шығарылымның шақырылған редакторы болды. Профессор Нұражи басқаратын бірлескен зерттеу жобасы университеттер күшімен жүзеге асырылып жатқан Қазақстандағы алғашқы сутек станциясын дамытуға бағытталған.

Профессор Нұражи атап өткендей, университеттер арасындағы ынтымақтастық ғылымның дамуына және елдің тұрақты энергетикалық болашағын қалыптастыра алатын жаңа буын зерттеушілерін даярлауға жол ашады.

Ұқсас жаңалықтар