барлық жаңалықтар
29 шілде 2024 #Оқиғалар

Жастардың ИИ-ға қызығушылығы артуда: ISSAI-ға тағылымдамадан өтуге рекордтық өтінімдер түсті

Жастардың ИИ-ға қызығушылығы артуда: ISSAI-ға тағылымдамадан өтуге рекордтық өтінімдер түсті

29 шілде 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

Жыл сайын Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты (ISSAI) университет студенттерін және мектеп жоғары сынып оқушыларын жазғы тағылымдамаға қабылдайды.

Бұл тағылымдама жасанды интеллект, машинамен оқыту және деректер алгоритмдері саласында білім мен практикалық дағдыларды кеңінен тарату мақсатында жұргізіледі. Тағылымдама барысында студенттер зерттеу орталығының деректер талдаушыларының менторлығымен нақты кейстер мен жобалармен жұмыс істеді.

Биылғы жылы "Summer Research Program" рекорд орнатты – 500-ден астам өтінім түсті, 186-сы ЖОО студенттерінен және 300-ден астам мектеп оқушыларынан. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда екі есе көп. Студенттердің арасынан теориялық және практикалық дағдылары мықты 23 студент таңдалды. Олар қазақстандық және шетел университеттердің студенттері еді. ISSAI деректер талдаушысы Акнұр Карабай атап өткендей, іріктеу барысында табиғи тілді өңдеу (NLP) және компьютерлік көру (CV) жобаларында жұмыс тәжірибесі, ағылшын тілін жетік білу және жоғары академиялық үлгерім де ескерілді.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Ақжан Өскелен жасанды интеллект саласына тереңірек үңілу үшін өтінім берген.

"Жаз бойы ИИ жобаларымен жұмыс істеу мүмкіндігі маған өте қолайлы болып көрінді. Бағдарлама барысында мен веб-скреппинг дағдыларымды айтарлықтай жақсарттым және ИИ туралы түсінігімді тереңдеттім. Деректерді жинау кезінде кейбір сайттарда күшті қорғаныс және күрделі құрылым болғандықтан қиындықтар туындады, бірақ біздің менторымыз Батыр Арыстанбеков олардың шешімін табуға көмектесті," - деп бөлісті Ақжан.

“New Uzbekistan” университетінің студенті Камронбек Мамарозигов бір жыл бойы деректер талдаушысы болып жұмыс істегеннен кейін және ЖИ мен Big Data бойынша онлайн курстарды аяқтағаннан кейін осы мамандықты таңдауға нық шешім қабылдады.

"ЖИ бойынша онлайн курстардан кейін мен алған білімімді практикада қолдану қажеттілігін сезіндім. Бағдарлама жазды тиімді өткізуге және кәсіпқойлармен араласуға мүмкіндік берді," - дейді ол.

Бағдарламада Камронбек BeautifulSoup арқылы деректер жинау бойынша құнды тәжірибе алды және модельдерді дәл баптауды үйренді.

"Әртүрлі веб-сайттардың көптігі құнды деректерді жинауды қиындатты. Белгілі бір сайттарға қалай кіру керектігін түсіну үшін бірнеше апта қажет болды. Алдын ала дайындалған модельді дәл баптау бірнеше күн қарқынды жұмысты қажет ететін қиын міндет болды. Дегенмен, мен кеңінен қол жетімді ЖИ технологияларын жақсырақ пайдалануды үйрендім," - деп қосты ол.

ISSAI деректер талдаушысы Ұлжан Биссаринованың айтуынша, биылғы тағылымдама міндеттері өткен жылдардан өзгеше болды. Data Science-қа өнім әзірлеу қосылды.

"ISSAI көптеген модельдерді оқытып, ашық қолжетімділікке шығарғандықтан, келесі сұраныс ISSAI жасаған машинамен оқыту модельдеріне негізделген өнімдерді жасау болды. Осы жылы біз қазақша іргелі сөйлеу моделін (KFSM) сөйлеуді мәтінге, мәтінді сөйлеуге түрлендіру және төрт тілді – қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін қамтитын көптілді аударма үшін пайдаланатын өнімді құрумен жұмыс істеуді жалғастырып жатырмыз," - деп атап өтті Улжан.

ISSAI сонымен қатар мектеп жоғары сынып оқушыларына да тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді. Биыл 315 өтінімнің ішінен 25 кандидат таңдалды. Әртүрлі өңірлерден келген оқушылар роботы-тенсегрити, виртуалды және қосымша шындық салаларындағы жобалармен жұмыс істеп, роботтарды жобалау және бағдарламалау, 3D-принтерлерді қолдану дағдыларын алды.

"Біз университетте қазірдің өзінде жүргізіліп жатқан нақты зерттеу жобаларымен жұмыс істедік. Жеке өзім ғылыми жұмысқа әдебиеттерге шолу жасауды үйрендім, сондықтан біз көп нәрсені нағыз зерттеушілер сияқты өз бетімізше жасадық. Бағдарлама CAD және 3D модельдеудің негізгі дағдылары мен қосымша шындық туралы негізгі білімдер бойынша дәрістерден басталды, ал келесі үш апта осы дағдыларды зерттеу жобаларында қолдануға арналды," - деп бөлісті Ташкенттен келген жалғыз оқушы Нигара Ашрапова.

ISSAI ISSAI  Аға деректер талдаушысы  Жанат Махатаева, Microsoft компаниясында 12 апталық тағылымдамадан өткен. Студенттермен күнделікті кездесулер мен пікірталастар өткізіп, қолдау көрсетіп, мониторинг жүргізіп, американдық корпорациядағыдай жұмыс ортасын құруға тырысты.

"Оқушыларға қиын болды, бірақ олар оны еңсерді. Студенттер жобаларды нөлден бастап, тұжырымдаманы әзірлеуден бастап, соңғы өнімдерге дейін жасады. Биыл мектеп оқушылары өте дайындалған болды, олардың барлығы дерлік информатикадан олимпиада жеңімпаздары, кейбіреулері компаниялар мен стартаптардың негізін қалаушылар. Біз олардың бэкграундының мектептен тыс, нақты жағдайларда қалай жұмыс істейтінін көрсеткіміз келді," - деп атап өтті Жанат.

Оның менторлығымен оқушылар виртуалды мұғалімді, бірнеше аватарларды және ұлттық киімдерді нөлден бастап әзірледі.

Осылайша, ISSAI жазға ғылыми тағылымдамасы студенттер мен мектеп оқушыларына жасанды интеллект саласында табысты мансапқа қажетті практикалық тәжірибе мен білім беріп, бірегей мүмкіндіктер береді. Менторлар студенттердің жоғары дайындық деңгейін және үміткерлердің біліктілігінің жыл сайынғы өсуін атап өтеді. Кейбір жағдайларда SRP бағдарламасын сәтті аяқтаған студенттерге ғылыми ассистент ретінде жұмыс ұсынылады.

Ұқсас жаңалықтар