Назарбаев Университеті жоғары сынып оқушыларын, ата-аналарды және барлық қызығушылық танытқан қонақтарды NU күніне шақырады -- университеттің атмосферасы мен мүмкіндіктеріне жол ашатын жыл сайынғы ауқымды іс-шара!
Қонақтарды сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін созылатын мазмұнды бағдарлама күтіп тұр, онда әркім өзіне пайдалы әрі қызықты нәрсе таба алады. Іс-шара университет басшылығының құттықтау сөзі мен Назарбаев Университеті туралы кіріспе таныстырылымнан басталады. Одан кейін қатысушыларды тақырыптық сессиялар күтіп тұр:
• Humans 2.0: Жасанды интеллект дәуіріндегі мамандықтар — мамандықтардың болашағы, жасанды интеллекттің рөлі, инженерия және ғылыми зерттеулер туралы дәрістер.
• Young Boss: Көшбасшылар қалай қалыптасады — көшбасшылық, шешім қабылдау және мемлекеттік саясаттың ықпалы жөніндегі баяндамалар.
• Студенттік өмір және түлектермен кездесулер — студенттік өмір, мансаптық даму және оқу бітіргеннен кейінгі тәжірибе туралы әңгімелер.
• Eat Like a Nomad және GeoAdventures — дала медицинасы, геология, мұнай-газ ісі және жер қойнауының құпиялары туралы қысқа әрі қызықты дәрістер.
• Admissions Workshop — талапкерлерге өтінім беру және құжат тапсыру үдерісін түсіндіретін практикалық сессия.
Сондай-ақ, қонақтар викторинаға қатысып арнайы сыйлықтар ұтып алып, NU профессорларымен және студенттерімен тілдесіп, шара соңында цифрлық лотереяның қатысушысы бола алады.
NU Day — Назарбаев Университетінің мектептері мен бағдарламалары туралы көбірек білуге, профессорлар мен студенттерге сұрақтар қоюға, қабылдау үдерісі жайлы ақпарат алуға және NU қауымдастығының рухын сезінуге тамаша мүмкіндік.
Байланыс ақпараты: info_admissions@nu.edu.kz
15 қараша
Conferences
3 қараша
Info-sessions