барлық жаңалықтар
11 мамыр 2023 #Оқиғалар#Баспасөзде

Орталық Азиядағы алғашқы коронарлық стент шығаратын зауыт ашылды

Орталық Азиядағы алғашқы коронарлық стент шығаратын зауыт ашылды

11 мамыр 2023

Осы мақаламен бөлісіңіз

Назарбаев Университеті Технопаркінің базасында құрылған зауыт өнімін көршілес елдерге экспорттауды жоспарлап отыр.

Елордада Назарбаев Университетінің технопаркі базасында коронарлық стенттер мен баллондар шығаратын Орталық Азиядағы алғашқы зауыттың ашылуы өтті. Отандық өндіріс жергілікті кардиологиялық орталықтарға медициналық құрылғыларды импорттық құрылғыларға қарағанда 30%-ға арзан сатып алуға мүмкіндік береді. Коронарлық стенттер мен баллондарды өндіруге алынған лицензияларға сәйкес «IHT Central Asia» ЖШС жүзеге асырады. Бұл Назарбаев Университетінің технопаркінде орналасқан медициналық мақсаттағы бұйымдар шығаратын қазақстандық-испандық кәсіпорын. Кәсіпорын басшысы Сейітжан Сыпабековтің айтуынша, мұндай фабриканың ашылуы Қазақстан үшін өте маңызды, өндірісті сырттан келетін өнімді жергілікті өніммен алмастыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Хабар 24.

Ұқсас жаңалықтар