9 сәуір 2024
Осы мақаламен бөлісіңізСу тасқыннан зардап шеккен жақын аудандарға қажетті заттарды жіберу үшін NU қаражат жинау қайырымдылық акциясын жариялайды.
Құрметті NU қауымдастығы!
Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан тұрғындары соңғы 80 жылдағы ең ірі су тасқынына тап болып отыр. Еліміздің он облысында төтенше жағдай жарияланып, эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр. Олар - Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстары. Су тасқыны салдарынан 3700-ден астам үйді су басып, баспанасыз қалған 76 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілуде. Азаматтарға жылы киім, жылу-генераторлары, кілемдер, басқа да керекті заттар қажет.
NU бей-жай қалмай, су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек қолын созуға дайын. Зардап шеккен жақын аудандарға қажетті заттарды жіберу үшін біз қаражат жинау қайырымдылық акциясын жариялаймыз.
Біз NU қызметкерлерін, оқытушылары мен түлектерін электрондық пошталарыңызды тексеруді сұраймыз.
Ерікті қайырымдылық акциясының барлық қатысушыларына алдын ала алғысымызды білдіреміз!