барлық жаңалықтар
14 маусым 2022 #Ғылым

Жазғы уақытты қалай тиімді пайдалануға болады?

Жазғы уақытты қалай тиімді пайдалануға болады?

14 маусым 2022

Осы мақаламен бөлісіңіз

Біз сіздермен университетке күзде түсуге дайындалуға көмектесетін пайдалы материалдармен бөліскіміз келеді, себебі көптеген университеттер күз уақытында онлайн өтінімдерді қабылдай бастайды.

Тілдік емтихандар:

IELTS (International English Language Testing System) – ағылшын тілі деңгейін анықтайтын стандартталған тест. IELTS төрт бөлімнен тұрады: оқу, тыңдау, сөйлеу және жазу. Сайт емтихан форматына дайындық материалдары, тегін сынама емтихандары мен бейне материалдарын ұсынады. Сонымен қатар сынама сынақтан өту функциясы көрсетілген, ол дайындық барысын бағалайды. Сынақтың өту құны шамамен 48 долларды құрайды (~ 21 000 теңге). Қазақстан Республикасы аумағында емтихан құны шамамен 160 долларды (~ 70 000 теңге) құрайды. Назарбаев Университететіне тапсыру үшін Academic IELTS-ты таңдап, емтиханды Тест Орталығында тікелей қатысу арқылы (қашықтықтан емес) тапсыру қажет. 

TOEFL (Test of English as a Foreign Language) – ағылшын тілі деңгейін анықтайтын стандартталған тест, форматтары TOEFL iBT (интернет арқылы тест орталығында өтетін), TOEFL iBT Home Edition (интернет арқылы үйде өтетін) және TOEFL PBT (қағаз арқылы өтетін). TOEFL iBT Home Edition және TOEFL PBT тестілерінің нәтижелері Назарбаев Университетінің конкурсында қарастырылмайды. TOEFL төрт бөлімнен тұрады: оқу, тыңдау, сөйлеу және жазу. TOEFL iBT шамамен 270 доллар (~117 000 теңге) тұрады. Сайт емтихан форматына дайындық материалдары, тегін сынама емтихандары мен бейне материалдарын ұсынады. Емтиханды Тест Орталығында тікелей қатысу арқылы (қашықтықтан емес) тапсыру қажет. 

Linguaskill ыңғайлы және автоматтандырылған тест және ағылшын тілін меңгеру деңгейін тез және дәл анықтауға мүмкіндік береді. Тестілеу Кембридж мамандарының көп жылдық тәжірибесіне, сондай-ақ заманауи жасанды интеллектке негізделген.  Linguaskill төрт бөлімнен тұрады: оқу, тыңдау, сөйлеу және жазу. Құны шамамен 150 доллар (~ 65000 теңге). Сайт емтихан форматына дайындық материалдары, тегін сынама емтихандары мен бейне материалдарын ұсынады. Емтиханды Тест Орталығында тікелей қатысу арқылы (қашықтықтан емес) тапсыру қажет.

 

Кешенді емтихандар:

SAT (Scholastic Assessment Test) – АҚШ университеттеріне түсетін талапкерлердің білімін бағалау үшін қолданылатын американдық жалпы білім беру емтиханы. Оны мектеп түлектері университеттер мен колледждердің бакалавриат бағдарламасына түсу үшін тапсырады. Емтихан құны 120 доллар (~ 55 000). SAT үш бөлімнен тұрады: математика, мәтінді талдау және жазу. Сайт емтихан форматына дайындық материалдары, тегін сынама емтихандары мен бейне материалдарын ұсынады. Назарбаев Университеті SAT тест нәтижелері бойынша Superscoring әдісін қолданады.

ACT (American College Testing) – Америка Құрама Штаттарындағы стандартталған сынақ, студенттер оқуды аяқтағаннан кейін білімін бағалау және жоғары оқу орындарына түсу үшін тапсырады. Емтихан құны 150-166,5 доллар (~65000-72000 теңге). ACT 4 негізгі бөлімнен (ағылшын тілі, математика, оқу, ғылым) және қосымша эссе жазу бөлімінен тұрады. Сайт емтихан форматына дайындық материалдары, тегін сынама емтихандары мен бейне материалдарын ұсынады. Назарбаев Университеті SAT және АСТ тест нәтижелері бойынша Superscoring әдісін қолданады.

NUET (Nazarbayev University Entrance Test) – Назарбаев Университетінде Foundation  және бакалавриат бағдарламаларында оқуға академиялық дайындық деңгейін анықтайтын тест. «Математика» және «Сыни тұрғыдан ойлау және мәселені шешу дағдылары» пәндері бойынша білімдерін бағалайды. Назарбаев Университетіне түсушілер емтиханды тегін тапсырады. Сайт емтихан форматына дайындық материалдары, тегін сынама емтихандары мен бейне материалдарын ұсынады.

 

Тест атауы Тестке дайындық Тест кестесі  Тестке тіркелу Тест нәтижесі
IELTS

Дайындық материалдар  British Council және

InterPress веб-сайттарында қолжетімді

British Council және InterPress веб-сайттарында қолжетімді British Council немесе InterPress веб-сайттарында өтеді 13 күннен кейін British Council немесе InterPress веб-сайттарында қолжетімді болады
TOEFL


Дайындық курстары,  тәжірибелік сынақтар кітаптары, “TOEFL Go!” қосымшасы ETS веб-сайтында қолжетімді

ETS веб-сайтында қолжетімді ETS веб-сайтында өтеді 13 күннен кейін ETS веб-сайтында қолжетімді болады
Linguaskill Дайындық материалдар British Council веб-сайттарында қолжетімді Еліңіздегі сынақ орталықтарына байланысты. Қазақстанда Алматыда бар болғаны 2 тест орталығы бар. Linguaskill орталығын табыңыз British Council веб-сайттарында өтеді

 

3-5 күннен кейін қолжетімді болады

SAT

Дайындық материалдар Collegeboard, Khan Academy және

PrepScholar веб-сайттарында қолжетімді

Collegeboard веб-сайтында қолжетімді Collegeboard веб-сайтында өтеді 10-13 күннен кейін қолжетімді болады
ACT Дайындық материалдар  ACT веб-сайтында қолжетімді ACT веб-сайтында қолжетімді ACT веб-сайтында өтеді 10 күннен кейін қолжетімді болады
NUET Емтихан үлгілері мен дайныдық материалдары  NU Дайындық мектебінің веб-сайтында қолжетімді  Емтихан жыл сайын көктемгі кезеңде өтеді  Тестке тіркелу үшін сіз күзгі кезеңде Foundation немесе бакалавриат бағдарламаларына онлайн өтінім беруіңіз керек Соңғы ағымның тапсырғанынан 6 апта өткен соң

 

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сіздерді тілдік және тестілеу орталықтарының өкілдерімен өтетін тікелей эфирге шақырамыз, олар осы сынақтарға дайындалудың тиімді жолдары туралы айтып береді. Тікелей эфир 15 маусымда Instagram желісінде @nuedukz парақшасында өтеді.

Сізге тиімді, көңілді және жылы жаз тілейміз!

 

Ұқсас жаңалықтар