12 мамыр 2025
Осы мақаламен бөлісіңізNU Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің (NU SEDS) зерттеушілері мақалаларға бірегей сыни шолуды жариялады.
Ол ғимараттарда жылу энергиясын сақтау үшін қолданылатын фазалық өзгерістер материалдарын (PCM) зерттеуге арналған. Зерттеу Scopus нұсқасы бойынша жарияланымдардың үздік 1% рейтингінде тұрған Applied Energy атты жетекші ғылыми журналда жарияланған. Журнал (импакт-факторы 10,1) сонымен қатар "Құрылыс және сәулет" санатындағы 223 журналдың арасында бірінші орында тұр.
Зерттеудің бастамашысы және жетекші авторы NU түлегі, қазір Вашингтон мемлекеттік университетінің (АҚШ) докторанты Абрар Ахмад болды. Оқу кезінде NU қауымдастырылған профессоры Шазим Мемонның ғылыми ассистенті болып жұмыс істеген еді. Ахмад өз мақаласында 1983 жылдан бері жарияланған ғимараттардағы жылу сақтау жүйелеріне арналған фазаларды өзгерту материалдары туралы 271 шолу жарияланымдарын талдайды.
“Бұл өндірушілер тізімделген және веб-сайттарға тікелей сілтемелері бар барлық коммерциялық қол жетімді PCM-дің жалғыз толық каталогы. Бұған қоса, ғалымдардың назарын шешілмеген мәселелерге аударуға көмектесетін аз және көп зерттелген тақырыптарға сілтеме бар. Сонымен қатар PCM сыни талдауы және олардың экономикалық тиімділігінің есептеулері бар. Зерттеуде машиналық оқытудың болашақта қолданылуы және оның айналмалы экономика принциптерімен және климаттың өзгеруімен байланысы қарастырылған", - деп түсіндірді доктор Мемон.
Абрар Ахмад атап өткендей, Қазақстан мен Орталық Азияда PCM-ді енгізу үшін үш факторды ескеру қажет: жоғары логистикалық шығындар, жеке экономикалық есептеулердің қажеттілігі және жергілікті стандарттарды сақтаудың маңыздылығы. Ғалымдар пилоттық жобаларды жүзеге асыру әртүрлі климаттық аймақтардағы PCM тиімділігін бағалауға және оларды аймақта кеңінен қолдану үшін негіз жасауға мүмкіндік беретінін айтады.
Жалпы, NU-да дайындалған фазалық өзгерістер материалдарына шолу Қазақстан сияқты маусымдық температураның күрт ауытқуы бар елдер үшін үлкен практикалық құндылыққа ие.