14 наурыз 2024
Осы мақаламен бөлісіңізNU-да Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен бірлесіп ұйымдастырылған гендерлік білім беру форумы өтті.
Шара барысында Қазақстандағы гендерлік теңдікке қол жеткізу қажеттігі айтылды. Қазақстандық жоғары оқу орындарында гендерлік білім беру жобасы аясында гендерлік мәселелер бойынша сенімді дереккөздерден, оның ішінде статистикалық мәліметтер мен қазақ тіліндегі ақпараттан тұратын электронды библиографиялық ресурс ұсынылды. Бұл ресурсты NU Кітапханасы әзірледі, деп хабарлайды Egemen Kazakhstan.