барлық жаңалықтар
30 қаңтар 2024 #Оқиғалар

НУ студенттері мен түлектері әлеуметтік кәсіпкерлік гранттарының иегерлері атанды

НУ студенттері мен түлектері әлеуметтік кәсіпкерлік  гранттарының иегерлері атанды

30 қаңтар 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

«Әлеуметтік даму қоры» корпоративтік қоры ұйымдастырған Назарбаев Университеті қауымдастығы арасындағы «Social Impact 2023» конкурсы аясында 2024 жылғы 25 қаңтарда әлеуметтік кәсіпкерлік жобаларының грант иегерлерін салтанатты түрде жариялау өтті.

Назарбаев Университеті қауымдастығы арасында болашақ әлеуметтік кәсіпкерлерді өсіру үшін Әлеуметтік даму қоры 2023 жылдың 18 қазан мен 2024 жылдың 17 қаңтар аралығында «Impact Camp» ұйымдастырды, оның аясында онлайн және офлайн форматта жобаларды әзірлеуге арналған әртүрлі тақырыптар бойынша 19 тренинг, әлеуметтік бизнес мәселелерін шешу бойынша Хакатон және тәлімгерлер мен кеңесшілермен 197 кездесу өткізілді.

Байқаудың алғы шарты Әлеуметтік даму қорының «Әлеуметтік кәсіпкерлік негіздері» онлайн курсын өту болды. Атқарылған жұмыстардың нәтижелері негізінде қатысушылар жобаларын толықтырды, әлеуметтік импакт пен мақсатты аудиторияны анықтап, гипотезаларды сынады және өздерінің әлеуметтік кәсіпорнының бизнес үлгісін жасады.

2024 жылдың 17 қаңтарында өткізілген «Impact Camp» қорытындысы бойынша Назарбаев Университетінің студенттері мен түлектерінің 14 әлеуметтік кәсіпкерлік жобасының питчинг кезеңі өтті, онда жобалар келесі критерийлер бойынша сарапшылармен бағаланды – әлеуметтік импакт, бизнес үлгісі, ресурстар және инновация:

  • Нурлыхан Алжанова – Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің Кәсіпкерлікті дамыту орталығы директорының орынбасары.

  • Гульмира Пармышева – Әлеуметтік кәсіпкер, оқу ойыншықтарының қазақстандық брендінің және «Global Kishkentai» инклюзивті шеберханасының негізін қалаушы, Әлеуметтік даму қорының әлеуметтік кәсіпкерлік 2021 грантының иегері, Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының Вице-президенті, Алматы қаласы бойынша Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін қалыптастыру жөніндегі арнайы комиссия төрағасының орынбасары.

  • Болат Султангазин инновациялар саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар, Қазақстанда және Орталық Азия елдерінде 10-нан астам жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырды, Назарбаев Университетінің инновациялық экожүйесін құрды және дамытты, NURIS бизнес акселераторының директоры.

Әлеуметтік кәсіпкерлік жобаларының финалистері:

  • «AI-YM: Kazakh Sign Language Dictionary» жобасы - есту қабілеті бұзылған балаларға қазақ тілінде оқу процесінде көмектесетін алаң. Жоба жетекшісі Медет Мукушев, Назарбаев Университетінің Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебінің докторанты.

  • «QluQva» жобасы – әртүрлі диеталық қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімді баламалы тамақтануды өндіру. Жоба жетекшісі Алина Захарова, Назарбаев Университетінің Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебінің түлегі.

  • «PECS for Autism» жобасы – орыс және қазақ тілдерінде сөйлемейтін балаларға арналған суреттер арқылы балама байланыс жүйесінің онлайн платформасы. Жоба жетекшісі Иса Ильяс, Назарбаев Университетінің Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебінің түлегі.

Әлеуметтік даму қоры университет қауымдастығының қажеттіліктеріне назар аудара отырып, әлеуметтік кәсіпкерлік жобаларын қолдауды жалғастыруды жоспарлауда. Жобаларды жүзеге асыру қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар, оның әрбір өкілі өзінің әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыра алатын, жобаларды басқару дағдыларын дамыта алатын, әртүрлі санаттағы адамдармен және көшбасшылықпен өзара әрекеттесе алатын Назарбаев Университетінің экожүйесінің бөлігі болады

Ұқсас жаңалықтар