барлық жаңалықтар
6 тамыз 2024 #Оқиғалар

STEMM-дисциплиналардағы қыздар

STEMM-дисциплиналардағы қыздар

6 тамыз 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

NU-дың «STEMM саласында білім беру арқылы әйелдер мен қыздардың мүмкіндіктерін арттыру» атты жазғы лагеріне әлеуметтік осал топтардан шыққан 54 мектеп оқушысы қатысты.

Лагерьді профессорлар Эллина Мун мен Лиса Лим, сондай-ақ Айнұр Аймурзиева, Айжан Төлебай және Алтын Журалиева ұйымдастырып отыр. Биология мамандығы бойынша төртінші курс студенті Айнұр Аймурзиева өткен жылы «Social Impact 2023» конкурсын жеңіп алып, биыл NU Әлеуметтік даму қорынан алған грант бойынша аталған жобаны жүзеге асырып отыр. 

Бес күн ішінде қатысушылар инженерия, бағдарламалау, химия, биология, математика және медицина салалары бойынша білім алды. Интенсивтің қорытындысы бойынша мектеп оқушылары STEMM саласындағы білім бойынша курсты аяқтағаны үшін сертификаттар алды.

 

Ұқсас жаңалықтар