22 қазан 2019
Осы мақаламен бөлісіңіз2019 жылдың 25 қазанында Назарбаев Университетінде ІХ Мейкатонның екінші кезеңі өтеді, онда пысықталған идеямен және оны прототипке әзірлегеннен кейін PreTOM-нан бір ай өткеннен соң 35 қатысушыдан құрылатың жеті команда кездеседі.
2019 жылдың 25 қазанында Назарбаев Университетінде ІХ Мейкатонның екінші кезеңі өтеді, онда пысықталған идеямен және оны прототипке әзірлегеннен кейін PreTOM-нан бір ай өткеннен соң 35 қатысушыдан құрылатың жеті команда кездеседі.
Мейкатон – бұл 72 сағаттық марафон, онда өнертапқыштар, әзірлеушілер, инженерлер мен дәрігерлер (мейкерлер - makers) мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін жеңілдету үшін прототип жасау жұмыстарымен (нидноуерлер - need knowers) айналысады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мейкатондар Павлодар облысы, Қарағанды, Шымкент, Ақтау, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында өткізілген болатын.
PreTOM мейкатонының бірінші кезеңі 20 қыркүйекте өтті. Бірінші кездесуде командалар нидноуерлермен бірге прототипке енгізу идеялары мен тәсілдерін ойлап тапты.
Өткен мейкатондарда қазақстандық мейкерлер тірек-қимыл жүйесі бұзылған адамдарды оңалтуға арналған экзоскелет, тұрмыстық жағдайларда нашар еститін адамдарды бағдарлауға арналған білезік, көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған smart-аяқ киім және т.б. сияқты әзірлемелерді ұсынды.
Мейкатон қатысушыларының материалдарды, сондай-ақ технологиялық әзірлемелерді жасау үшін заманауи және қуатты жабдықтарды, бірегей станоктарды, Назарбаев Университеті инновациялық кластерінің "Fab Lab" цифрлық прототиптеу зертханасының 3D-модельдеу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануға бірегей мүмкіндігі бар.
"ТОМ: NUR-SULTAN" Мейкатон жобасын ұйымдастырушылар: Назарбаев Университетінің NURIS инновациялық кластері, "Астана Жастары" атты жастар ресурстық орталығы, Қазақстандағы Тель-Авив Университетінің достар қауымдастығы және Нұр-сұлтан қаласының әкімдігі.