барлық жаңалықтар
19 тамыз 2024 #Оқиғалар

“Шетелдік жатақханаларынан кем емес”: Ақерке Абылайхан NU жатақхаланаларын аралады

“Шетелдік жатақханаларынан кем емес”: Ақерке Абылайхан NU жатақхаланаларын аралады

19 тамыз 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан бүгін NU жатақханаларына барды.

Оған Республикалық студенттік омбудсмен Наукен Ұлан және Астана қаласы бойынша студенттік омбудсмен Аружан Бахитова еріп жүрді.

Делегация студенттердің өмір сүру жағдайымен танысты: бөлмелерді, ас үйді, кір жуатын орынды, медициналық орталықты, және басқа инфрақұрылымды тексерді. 

“Жалпы университетте жастарға өте керемет жағдайлар жасалған. Шаштараз, дүкендері бар, үлкен медициналық орталығы бар. Барлық біздің аралап жүрген жатақханаларымызда душ, тамақ істейтін жер бар ғой, бірақ осы жерде қосымша қызметтердің болуы әрине қуантады. Шетелдік жатақханаларынан кем емес, сондықтан біз тек қана жастарға осындай жағдайлар жасалғаны қолдаймыз” - деді Ақерке Абылайхан.

Ол NU жатақханасы ең алдымен студенттік іс-шаралар мен клубтардың көптігімен ерекшеленетінін атап өтті. Министрлік болашақта осындай тәжірибені басқа жоғары оқу орындарында таратуға мүдделі.

Барлығы NU-да 4700-ден астам төсек-орынға арналған 9 жатақхана бар. Бұл барлық қаладан тыс студенттерді, соның ішінде бакалаврларды, магистранттарды және докторанттарды орналастыру үшін жеткілікті. Университеттің күзгі семестрі өткен аптада басталды, бірақ қоныстану әлі де жалғасуда. 

Естеріңізге сала кетейік, AQYL ALEM компаниясының бакалаврлар арасында жүргізген сауалнамасының нәтижелері бойынша NU өмір сүру жағдайлары бойынша ең көп ұпай жинады.

Ұқсас жаңалықтар