барлық жаңалықтар
3 ақпан 2023

Қауіпсіздік саясаты: Эстонияның тәжірибесі

Қауіпсіздік саясаты: Эстонияның тәжірибесі

3 ақпан 2023

Осы мақаламен бөлісіңіз

Эстония Сыртқы Істер Министрлігі Шығыс Еуропа және Орталық Азия департаменті бас директоры қонақ дәрісін өткізді.

Эстония Сыртқы істер министрлігі Шығыс Еуропа және Орталық Азия департаменті Бас директоры Марге Мардисалу-Кахар ханым Назарбаев Университетінде «Эстонияның қауіпсіздік саясатының жолы» тақырыбында қонақтық дәріс оқыды.  Дәріс университет студенттеріне, оқытушыларына және қызметкерлеріне арналды. Дәріске Эстонияның Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Тәжікстандағы, Түркіменстандағы және Өзбекстандағы Елшісі Томас Тирс мырза да қатысты.

Мардисалу-Кахар ханым өз дәрісінде Эстониядағы қауіпсіздік саясатының даму тарихына тоқталып, елге деген көзқарасымен бөлісті. Мардисалу-Кахар ханым Тарту Университетінде тарих бакалавры дәрежесіне және Орталық Еуропа Университетінде (Венгрия) қазіргі заманғы тарих магистрі дәрежесіне ие. Эстония Сыртқы істер министрлігінің Шығыс Еуропа және Орталық Азия департаментінің бас директоры болып тағайындалғанға дейін ол Қауіпсіздік саясаты басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Ұқсас жаңалықтар