4 наурыз 2023
Осы мақаламен бөлісіңізСенбі, 4 наурызда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Назарбаев Университеті» ДББҰ Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысын өткізді.
Онда ұйым қызметінің өткен жылғы қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары қаралды.Кеңесте университеттің ғылыми қызметті кеңейтуді жалғастырып жатқаны, атап айтқанда, соңғы бірнеше жылда ғылыми-зерттеу жобаларының саны 146-дан 366-ға дейін өскені атап өтілді. Сонымен қатар ЖОО тақырыптық конференциялар мен кәсіби даму бағдарламалары арқылы республиканың басқа жоғары оқу орындарымен тәжірибе алмасу бойынша жұмыс жүргізеді деп хабарлайды Forbes.kz.