29 тамыз 2024
Осы мақаламен бөлісіңізNazarbayev University (NU) алаңында 2024 жылғы 28-29 тамыз аралығында Қазақстанның травматолог-ортопедтерінің және Қазақстандық травматолог-ортопедтер қауымдастығының Съездері өтті.
Академик Н.Ж.Батпеновтың 75 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл маңызды іс-шара әлемнің түпкір-түпкірінен 500-ден астам жетекші мамандарды жинады. Шақырылған сарапшылардың қатарында Қытай, Үндістан, Германия, Оңтүстік Корея, Түркия, Ресей, Польша, Иран және басқа елдердің жетекші ғалымдары мен практиктері.
Съездердің қарқынды бағдарламасына инновациялық шеберлік класстар, өзекті зерттеулер мен әзірлемелер, дөңгелек үстелдер, заманауи жауынгерлік жарақат мәселелерін талқылау, сондай-ақ жас ғалымдардың дәстүрлі «Батпен оқулары» байқауы кірді.
Сонымен қатар медициналық техника мен ортопедиялық бұйымдарды шығаратын халықаралық өндірушілердің көрмесі өтті. NU ғалымдары мен студенттері де өздерінің ғылыми әзірлемелерімен таныстырды. Олар NU профессоры Прашант Джамвалдың жетекшілігімен медицинаға арналған бірнеше роботтық технологияларды енгізді. Бұл әзірлемелер коммерцияландыру кезеңіне жеткен болатын.
«Біз ғылыми жобадан шыққан және коммерцияландыру кезеңіне жеткен әзірлемелерді көрсетеміз. Конгреске қатысушы травматологтар мен ортопедтерден оң пікірлер алдық. Көрмеде негізінен шетелдік компаниялардың дистрибьюторлық өнімдері ұсынылған. Біз дәрігерлердің қызығушылығын көріп отырмыз, біздің әзірлемелеріміз оларға ұнап жатыр, сондықтан біз жұмысты жалғастырамыз, біздің орталығымызда университетің қарамағында жергілікті өндірісті іске қосу үшін жеке инвесторларды іздейміз», деді ассистент-профессор, Медициналық робот техникасын зерттеу саласындағы құзырет орталығының басшысы Айбек Ниетқалиев
Орталықтың ғалымдары оңалту және хирургиялық роботтар, сондай-ақ инсульт немесе жарақат алған науқастардың жоғарғы және төменгі аяқтарына арналған роботты жүйелермен жұмыс істеуде. NU медициналық экожүйесі арқылы Орталық 14 ғылыми орталыққа, сондай-ақ басқа ауруханалар мен институттарға қол жеткізе алады. Дүниежүзілік банк гранттарымен жасалған оңалту роботтары қазірдің өзінде мүгедектерді емдеу үшін қолданылуда.