барлық жаңалықтар
14 тамыз 2023 #Баспасөзде

Биопринтер сия «жеп», сүйек береді

Биопринтер сия «жеп», сүйек береді

14 тамыз 2023

Осы мақаламен бөлісіңіз

Назарбаев Университетінің ғалымдары зертханада биопринтер көмегімен адам сүйегін жасаумен айналысуда.

3D биопринтердің көмегімен зерт­ханада адам сүйегін жасап шы­ғаруға бола ма? Назарбаев уни­верситетінің биомедициналық ин­женерия саласындағы профессоры Дана Ақылбекова бастаған бір топ ғалым бүгінде осы жоба аясында еңбек етіп жатыр. Бұл зертханада еліміздегі жалғыз 3D биопринтер бар. Бұл зертхана бағаналық жасушаларды Ұлттық биотехнология орталығынан алдырады екен. Ол жақта бағаналық жасу­шаларды егеуқұйрықтардың жілікмайынан алады. Зертханаға әкелінген 200-500 мың бағаналық жасушаны инкуба­торда көбейтіп, 2-3 миллионға жеткізеді. Бүгінде аталмыш зертханада 9 ғалым жұмыс істейді. Сондай-ақ зертханаға келіп, 3D орган жасау жұмысының басы-қасында жүрген мектеп оқушылары да бар екен. Толығырақ - Айқын газетінің мақаласында.

Ұқсас жаңалықтар