5 қазан 2022
Осы мақаламен бөлісіңізНазарбаев Университеті тікелей көрсетілімді 2022 жылғы 29 қазанда өткізеді
Екінші жыл қатарынан Азия университеттері Альянсының (AUA) барлық мүше-университеттері бірлескен білім беру көрмесін өткізіп келеді. Көрменің ресми сайтында сіз Азияның 15 жетекші университеттерінің қабылдау комиссиялары ұсынған қабылдау туралы ең маңызды ақпаратты және бейнероликтерді таба аласыз.
Назарбаев Университеті 2022 жылғы 9 қазанда екі тікелей көрсетілім жоспарлайды: таңғы сағат 10.30-да (Астана қаласының уақыты бойынша) жоғарғы оқу орнынан кейінгі бағдарламалар туралы және сағат 15.30-да (Астана қаласының уақыты бойынша) келесі жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары туралы: Іскерлік әкімшілендіру саласындағы докторантура (PhD) және Жаһандық денсаулық сақтау саласындағы докторантура (PhD).
Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары
Академиялық мәселелер жөніндегі вице-провост доктор Лоретта О'Доннелл Назарбаев Университетінде қол жетімді барлық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары туралы хабарлап, сондай-ақ бакалавриаттан кейінгі оқу үшін НУ тамаша оқу орны болуының он себебін түсіндіреді.
Қабылдау департаментінің аға менеджері Мақпал Шоменова қабылдау процесі, оның ішінде толық стипендияға өтініш беру рәсімдері, ғылыми ынтымақтастық мүмкіндіктері және кампустағы студенттік өмір туралы баяндайды.
Тікелей көрсетілімге қосылыңыз

Іскерлік әкімшілендіру саласындағы докторантура (PhD) және Жаһандық денсаулық сақтау саласындағы докторантура (PhD)
Жоғары бизнес мектебінің Қауымдастырылған профессоры доктор Дорон Израэли 2023-2024 академиялық жылы іске қосылатын Іскерлік әкімшілендіру саласындағы ғылым докторы (PhD) жаңа бағдарламасы туралы мәлімдейді. Медицина мектебінің Профессоры, доктор Антонио Сарриа-Сантамера Жаһандық денсаулық сақтау саласындағы докторантура (PhD) бағдарламасы туралы таныстырады. Екі презентациядан соң, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі студенттердің оқу процесіне қатысты сұрақ-жауап сессиялары өтеді, барлық қатысушылар студенттердің зерттеу тақырыбын қалай таңдайтыны, негізгі курстардың рөлі және университет ішінде, сондай-ақ ұлттық және халықаралық стратегиялық серіктестермен бірге зерттеу саласындағы ынтымақтастық туралы сұрақтар қоя алады.
Қабылдау департаментінің аға менеджері Мақпал Шоменова бағдарламаларға түсушілерге қойылатын талаптар, шетелдік студенттерге арналған стипендияға өтініш беру рәсімдері, Астанада тұру құны, кампустағы студенттік өмір және т. б. саладағы барлық сұрақтарға жауап береді.