15 қыркүйек 2022
Осы мақаламен бөлісіңізДаниил Орел мен Арман Болатов машиналық оқыту конкурсына қатысу үшін командаға бірігіп, жақсы жетістікке жетті
American Express төлем компаниясы карта иелері үшін ең жақсы клиенттік тәжірибені құру мақсатында машиналық оқыту көмегімен ең жақсы шешім жасау арқылы қолданыстағы модельді жетілдіретін несиелік дефолттарды болжау конкурсын ұйымдастырды.
Байқауға әр түрлі елдерден 4875 команда қатысып, несиелік дефолтты болжаудың өз тәсілдерін ұсынды. Үш ай ішінде қатысушылар мінез-құлық деректері мен клиенттің профилі туралы анонимді ақпаратты қоса алғанда, оқыту, тексеру және тестілік мәліметтер жиынтығына қол жеткізді. Командалар ең жақсы модельді құру үшін кез-келген әдісті қолдана алды.
Біз NU SEDS-те деректер туралы ғылымды оқитын 3 курс студенті Даниил Орулмен осы конкурс туралы көбірек білу үшін сұхбаттастық. "Мен хакатондар мен дататондарға (талдаушыларға арналған хакатондар) жиі қатысамын, ал AmEx-тің жарысы туралы DSML.kz чатынан білдім. Тапсырманы көргеннен кейән, бұл менің жұмысыма өте жақын екенін түсіндім. Егер тапсырма туралы толығырақ айтатын болсақ, онда конкурс аясында 6 айда клиенттердің анонимді факторларын қолдана отырып, клиенттің дефолтын болжау қажет болды. Біз күміс медалін иелендің және 209 орындамыз. Алайда, бұл жарыс маған Ml-алгоритмдерді практикалық қолдануда көп тәжірибе берді", - деп бөлісті Даниил.
Біз студенттерімізге бастамаларында табыс тілейміз!