31 тамыз 2023
Осы мақаламен бөлісіңізНазарбаев Университеті талапкерлер мен ата-аналарын Орталық Азиядағы ең үздік зерттеу университетінің оқуға түсу шарттары мен мүмкіндіктері туралы көбірек білуге шақырады.
Жыл сайын Назарбаев Университеті арнайы “Ашық есік күнін” ұйымдастырып, елорда тұрғындарын мен қонақтарын университет кампусына экскурсияға шақырады. Бұл күні кез келген адам еліміздің және Орталық Азияның ең үздік университетінің бағдарламаларымен, факультеттерімен және түсу талаптарымен таныса алады.
2023 жылғы 16 қыркүйекте сағат 10.00-15.00 аралығында талапкерлер мен ата-аналары келесі мүмкіндіктерге ие болады:
Астанадағы Ашық есік күніне бара алмасаңыз, үмітіңізді үзбеңіз! Университет қызметкерлері Қазақстан қалаларын аралап, NU туралы пайдалы ақпаратты таратып, сұрақтарға жауап беріп, түрлі шеберлік сыныптарын арнайы NU days шара аясында өткізіді. Төмендегі кестеден өз қалаңызды іздеңіз.
Назарбаев Университетінің командасы, Атырау, Астана, Шымкент және Алматы тұрғындарын Қазақстан университеттерінің үлкен жәрмеңкесінде қарсы алады. Шарада NU дан бөлек КИМЭП, ҚБТУ және СДУ сияқты университеттер де ұсынылады. Алматылықтар ушін арнайы тосын сый - биыл Алматыдағы Ашық есік күні жаңа Сәтбаев, 4а мекен-жайында орналасқан кампуста өтетін болады.

Сұрақтарыңыз болса, Талапкерлерді қолдау орталығына +7(7172) 642584, +7 (747) 0940230 телефон нөмірлері арқылы немесе info_admissions@nu.edu.kz электрондық адрес арқылы хабарласыңыз.