барлық жаңалықтар
1 ақпан 2019 #Оқиғалар

IGTIC және Назарбаев Университет ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

IGTIC және Назарбаев Университет  ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

1 ақпан 2019

Осы мақаламен бөлісіңіз

2019 жылғы 1 ақпанда ҚР Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты мен Назарбаев Университеті (НУ) арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

2019 жылғы 1 ақпанда ҚР Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты мен Назарбаев Университеті (НУ) арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар инновациялық экономиканы дамыту, адами капитал мен Қазақстанда жоғары технологиялық білімді өндіру салаларында ынтымақтасуға ниет білдіреді.

Құжатқа Институт директоры Ербол Оспанов және НУ Провосты Илесанми Адесида қол қойды. Меморандумға қол қою рәсімі аяқталғаннан кейін  Ұлттық зияткерлік меншік институтының өкілдері Назарбаев Университетінің қызметкерлері мен студенттеріне оқу семинарын өткізді. Ғылыми зерттеулерді патенттеу, тауар белгілерін тіркеу, Қазақстанда және шетелде зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында мәселелер талқыланды.

Пресс-офис

Назарбаев Университеті| 010000, Астана, Қабанбай батыр д, 53

Тел: +7 (7172) 705990, 706091, 709449, 706191

pressa@nu.edu.kz   |   nu.edu.kz

Ұқсас жаңалықтар