14 қыркүйек 2018
Осы мақаламен бөлісіңізБизнес-инкубациялау бағдарламасының мақсаты – жаңа идеяларды, технологиялық әзірлемелерді және инновациялық бизнес жобаларды ерте кезеңде қолдауға негізделеді.
ASTANA BUSINESS CAMPUS НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЕКІНШІ «ABC INCUBATION» БИЗНЕС-ИНКУБАЦИЯЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАБЫЛДАУЫНЫҢ БАСТАЛҒАНЫН ҚУАНЫШПЕН ХАБАРЛАЙДЫ.
Бизнес-инкубациялау бағдарламасының мақсаты – жаңа идеяларды, технологиялық әзірлемелерді және инновациялық бизнес жобаларды ерте кезеңде қолдауға негізделеді.
Бағдарламаның ұзақтығы – 17 апта, оның ішінде:
Бағдарлама барысында ең жақсы жобалар өз стартапын дамытуға қаржылық қолдау және оны халықаралық алаңдарда ұсынуға мүмкіндігін алады! Сонымен қатар, бағдарламаның табысты түлектері бизнесті ары қарай масштабтау және инвестицияларды тарту үшін ABC Quick Start жеделдетілген бағдарламасына қатысу мүмкіндігін алады.
Табысты кәсіпкер болуды армандайсың ба? Құны «миллион» болатын идеяң бар, бірақ неден бастарыңды білмей жүрсің бе? Өз идеяңды дамыту үшін максималды қолдау алғың келе ме? Онда АВС Incubation бағдарламасы СЕН үшін арналған! ABC INCUBATION бағдарламасына қатысыңыз және 4 айда идеяңызды жұмыс істейтін бизнеске айналдыру үшін мүмкіндік аласын.
ABC INCUBATION бағдарламасы қатысушысы бол, сонда біз саған келесі шараларды қысқа мерзімде іске асыруға көмек көрсетеміз:
Бағдарламаға жас кәсіпкерлер, студенттер, кәсіпқой мамандар, өнертапқыштар, сондай-ақ инновациялық идеялары мен мәселені шешудің өзіндік жолдары бар тұлғалардың барлығы қатыса алады. Бағдарлама барлығына ашық және Назарбаев Университеті негізінде өтеді.
2018 ЖЫЛҒЫ 26 ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ТІРКЕЛ ЖӘНЕ ABC INCUBATION БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ БОЛ!
Берілген сілтеме арқылы өтінімді беруге және бағдарламамен танысуға болады: nuris.nu.edu.kz/incubation