барлық жаңалықтар
18 қараша 2024 #Оқиғалар

Ғылым мен инновация әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуына қалай әсер етуде

Ғылым мен инновация әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуына қалай әсер етуде

18 қараша 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

Nazarbayev University (NU) алаңында Әлеуметтік кәсіпкерлердің еуразиялық құрылтайы өтті.

Шара әлеуметтік кәсіпкерлік саласында тәжірибе алмасу мен табысты кейстерді таныстыру мақсатында сала кәсіпкерлері, көшбасшылары мен сарапшыларының басын қосты.

NU-дың Әлеуметтік даму қорының басқарма басшысының орынбасары Сансызбай Жолдасбеков алғы сөзінде Қордың қызметі туралы мәлімет беріп, оның қолдау шаралары туралы айтып өтті.

Құрылтайдың басты қонағы Парламент Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев болды, ол қатысушылар алдында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың сөзін оқыды.

Әлеуметтік даму қоры «Ғылым мен инновация: әлеуметтік өзгерістерге қарай жол» тақырыбы бойынша сессия өткізді, онда қатысушылар әлеуметтік саладағы ғылым мен инновацияның және осындай шешімдердің ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмірін жақсартудағы маңызын ортаға салынды. PhD-студент Медет Мұқышев AI-Ym – қазақ тіліндегі ым-шара сөздігі мен PECS for Autism – аутизмы бар балаларға арналған онлайн-платформа туралы айтып берді. Сондай-ақ Инклюзивті білім беру саласындағы магистр Әлия Сәбитова Инклюзивті қоғамды дамыту қауымдастығы, NURCE Кәсіпкерлік зерттеу орталығы директорының орынбасары Нұрлыхан Әлжанова орталықтың Қазақстандағы кәсіпкерлік пен инновацияны дамытудағы рөлі туралы айтты.

Шара соңында қатысушылар мен спикерлер әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы әрі қарайғы ынтымақтастық мақсатында бір-бірімен келіссөз жүрігізді.

Фото ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметінен

Ұқсас жаңалықтар