10 желтоқсан 2025
Осы мақаламен бөлісіңізАқылды жүйелер мен жасанды интеллект институты (ISSAI) NU Бас залында ISSAI Momentum іс-шарасын өткізді.
Оған Үкімет өкілдері, академиялық орта, IT-компаниялар, үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық ұйымдар және дипломатиялық миссиялардан 150-ден астам беделді қонақ қатысты. Шара барысында қазақстандық мамандар әзірлеген соңғы жасанды интеллект (ЖИ) жетістіктері таныстырылып, Қазақстанның техникалық тәуелсіздікке, тілдік инклюзияға және мәдени сәйкестікке деген ұмтылысы көрсетілді.
ISSAI-дың ЖИ өнімдері:
Бағдарлама аясында тікелей демонстрациялар, сұрақ-жауап сессиялары және ЖИ модельдерін нақты қолдану мысалдары көрсетілді.
NU президенті Вакар Ахмад іс-шараны ашып, ISSAI-дың оқу орнының халықаралық беделін арттыруға және Times Higher Education (THE) рейтингіндегі көрсеткіштерін жақсартуға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Ол: "ISSAI Momentum сияқты іс-шаралар университеттердің маңыздылығын көрсетеді. Мұнда идеялар сынақтан өтеді, ынтымақтастық дамиды және ғылым адамдарға қызмет етеді," – деді.
ISSAI-дың негізін қалаушы директор Хусейн Атакан Варол Қазақстанға арналған генеративті ЖИ экожүйесін құру жолын айтып өтті: "Бүгін біз генеративті ЖИ толық кешенін Қазақстанның ұлттық қажеттіліктеріне бейімдеп ұсынамыз. Біздің зерттеушілеріміз Қазақстанның зияткерлік әлеуетінің жаһандық деңгейде бәсекелесе алатынын дәлелдейді," – деді.
ISSAI-дың өнім және сыртқы істер бойынша директордың орынбасары Амина Байкенова ұлттық мәдениет пен құндылықтарды ескеретін ЖИ модельдерін құрудың маңыздылығын атап өтті: "Біздің ЖИ тек код қана емес – ол біздің мұрамыз, тіліміз, және бірегейлігіміз. Oylan және Beynele Қазақстанға цифрлық тәуелсіздік берсе, MangiSoz бен TilSync коммуникациялық тосқауылдарды жояды," – деді.
Деректер талдаушысы Рахат Мейрамов Oylan, MangiSoz және Beynele демонстрациясын көрсетіп, олардың көпмодальді мүмкіндіктерін, экспрессивті сөйлеу генерациясын, нақты уақыттағы аудармасын және құжатқа негізделген RAG іздеуін көрсетті. Ол қатысушыларды ISSAI Playground-ында тәжірибе жасауға шақырып, кері байланыс берудің маңыздылығын атап өтті: "Бұл модельдер біздің мамандардың, сапалы деректер мен есептеу ресурстарының арқасында дүниеге келді. Біз барлық қолданушыны оларды сынап көруге, тәжірибе жасауға және кері байланыс беруге шақырамыз," – деді.
ISSAI Momentum зерттеушілер, Үкімет өкілдері, салалық көшбасшылар және халықаралық серіктестер арасындағы диалогты нығайта отырып, институттың ашықтық пен ынтымақтастыққа деген ұмтылысын көрсетті. Институт өз ЖИ өнімдері туралы жыл сайынғы жаңартуларды жариялайтынын хабарлады, бұл барлық мүдделі тараппен ашықтық пен байланыс орнатуға бағытталған.