барлық жаңалықтар
9 желтоқсан 2024 #Оқиғалар

Employer Appreciation Event: NU студенттер мен жұмыс берушілер арасына жол салады

Employer Appreciation Event: NU студенттер мен жұмыс берушілер арасына жол салады

9 желтоқсан 2024

Осы мақаламен бөлісіңіз

Университеттің Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы үздік жұмыс берушілерді атап өтті.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп отыратын іс-шара 5 желтоқсанда оқу орнының қабырғасында 50-ден астам қазақстандық және шетелдік компанияның өкілдерін жинады. Айта кету керек, түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі 98%-ды құрайды, олар елдегі және шетелдегі үздік компанияларда қызмет етуде.

Кездесу басында NU-дың студенттік істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті Қадиша Дайырова сөз сөйледі.

«Біз осындағы барлық жұмыс берушіге шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Сіздердің ұйымдарыңызда тағылымдамадан өту мүмкіндігі болашақ мамандарды дайындауда шешуші рөл атқарады. Біздің түлектеріміз Дүниежүзілік экономикалық форум анықтаған болашақтың 10 дағдысы меңгерген және біз олардың жетістіктерін мақтан тұтамыз», — деді Қадиша Дайырова.

2024 жылы NU түлектерінің жалпы саны 10 мыңнан асқанын айта кету керек. Олардың көбі Қазақстанда қалып, еліміздің дамуына өз үлесін қосуда. Ірі жұмыс берушілердің қатарында KPMG, Теңізшевройл, BI Group, Ernst & Young, Қазақстан ұлттық банкі және PwC сияқты ұйымдар бар. Сондай-ақ түлектердің едәуір бөлігі университеттің өзінде (639 адам) және НЗМ-де (241 адам) еңбек етуде.

Іс-шара аясында Студенттерді қабылдауды басқару департаментінің директоры Нұрхан Омарбеков оқуға түсудің жаңа талаптары туралы ақпарат берді, ал Жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар кеңсесінің бас менеджері Гүлназ Бөлебаева микрокредиттік бағдарламалар туралы айтып берді. Сондай-ақ Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығының бас менеджері Лилия Тілеукенова 2025 жылғы жұмыс берушілермен ынтымақтастықты кеңейту жоспарларымен бөлісті.

Кездесу соңында Қадиша Дайырова ең белсенді жұмыс берушілерге алғыс хаттар табыстады. Ол университет пен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықтың Қазақстанды сапалы адами капиталмен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

NU жұмыс берушілерге жас мамандардың дамуына қосып жатқан үлесі үшін шын жүректен алғыс білдіреді!

Ұқсас жаңалықтар