26 қыркүйек 2022
Осы мақаламен бөлісіңіз25 қыркүйекте Назарбаев Университетінде презентациялар, мастер-класстар, зертханалар бойынша экскурсиялар, конкурстар мен жүлделер ұтыс ойындары өтті.
Республиканың барлық өңірлерінде басталған және университет сайтында тіркелуге болатын НУ ақпараттық сессиялары - бұл НУ профессорларымен, студенттерімен және түлектерімен кездесудің тамаша мүмкіндігі.
Астанада ашық есік күні кең және қызықты өтті: оқытушылар, әр жылдардағы түлектер және университет қызметкерлері мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарын жеті Мектебінің академиялық бағдарламаларымен, оқуға түсу және оқу шарттарымен таныстырып, гранттар мен стипендиялардың түрлері туралы айтып берді. Еріктілер қонақтарды қарсы алып, олар үшін кампус пен зертханаларға экскурсиялар өткізді.

НУ-ға түсу емтихандары туралы Дайындық мектебінің презентациясы жоғары сынып оқушыларының қызығушылығын тудырды. NUFYP-тің 2023-2024 оқу жылына арналған бір жылдық қарқынды оқу бағдарламасына онлайн өтінімдерді қабылдау басталды. Бағдарлама жеке дамуға, математика мен академиялық ағылшын тілін тереңірек зерттеуге бағытталған.
НУ Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің (NU SEDS) алты кафедрасының профессорлары бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары туралы айтып берді. Мектеп әлемдік нарыққа жоғары білікті мамандар болып шығатын болашақ бағдарламашыларды, робототехника мамандарын, инженерлерді дайындайды. NU SEDS студенттері оқушыларға арналған "ми-компьютер" мастер-класстарын және робототехника негіздері бойынша LEGO Sumo турнирін өткізді. Сондай-ақ, студенттік әзірлемелер, соның ішінде стартапқа айналған жобалар ұсынылды.

Медицина мектебі (NUSOM) негізгі зертханалық әдістемелерді көрсетті, кристалдарды өсіру, флуоресцентті бактериалды жасушалық желілермен жұмыс істеу бойынша интерактивті сабақтар өткізді. Спорттық медицина және реабилитация магистранттары жаттығу алдында дене шынықтырудың маңыздылығы туралы және VR жүйесінің бұл ретте спортшыларға қалай көмектесетіні туралы айтты. Мектеп сонымен қатар қоғамдық денсаулық сақтау, молекулалық медицина, фармакология және токсикология саласындағы мамандарды дайындайды. Серіктес жоғары оқу орындарымен бірге NUSOM мейіргер ісін жетілдірумен айналысады және мейіргерлердің кәсіби даму бағдарламаларын ұсынады, биомедициналық ғылымдар саласында докторларды дайындайды.
Жергілікті және халықаралық университеттермен және компаниялармен, соның ішінде АҚШ-тың Колорадо тау-кен мектебімен ынтымақтасатын NU Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінде (NU SMG) заманауи оқу жабдықтары бар. NU SMG студенттері білім мен практикалық дағдыларға ие болады. Ашық есік күні кезінде келушілер дрондардың тау-кен өнеркәсібінде қалай қолданылатынын және оны қалай өзгертетінін білді.Қонақтар зертханаларға және виртуалды шындықтың арқасында нағыз шахтаға барды.
Университеттің ірі мектептерінің бірі Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі студенттерді бірінші курста-ақ зерттеумен айналысуға ынталандырады. Олар 90-ға жуық зертханаларда өз жобаларымен жұмыс істейтін ғалымдардың көмекшісі бола алады. Студенттер халықаралық олимпиадаларға, археологиялық қазбаларға қатысады, ғылыми мақалалардың бірлескен авторлары болып табылады.
Үш жоғары мектеп - Бизнес, Білім беру және Мемлекеттік cаясат басқару мектептері өздерінің ақпараттық сессиялары мен танымдық дәрістерін өткізді. Бұл мектептерде оқыту магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Мұнда көшбасшылар дайындалып, сала басшылары үшін қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Студенттер үшін Мектептердің шетелдік серіктестерімен оқу мүмкіндігі бар.

Жаһандық цифрлық кітапханамен байланысы бар Назарбаев Университетінің инновациялық кітапханасы экскурсиялар мен ойындардан бөлек, соңғы жылдардағы ең көп оқылатын кітаптардың көрмесін ұйымдастырды.
Назарбаев Университеті білім мен дағдыларды ғана емес, көп мәдениетті ортада ұмытылмас қарым-қатынас тәжірибесін де береді. НУ-дағы студенттік өмір қызықты іс-шараларға бай. 200-ден астам студенттік клубтардың әралуандығы - Университеттің динамикалық өмірінің көрінісі. Олар концерттік нөмірлермен өнер көрсетіп, керамиканың қайырымдылық көрмесін және т.б. ұйымдастырды.