барлық жаңалықтар
19 қыркүйек 2022

Азия университеттері альянсы (AUA) 2022 жылғы бірлескен білім беру көрмесін өткізеді

Азия университеттері альянсы (AUA) 2022 жылғы бірлескен білім беру көрмесін өткізеді

19 қыркүйек 2022

Осы мақаламен бөлісіңіз

Назарбаев Университеті тікелей көрсетілімді 2022 жылғы 25 қыркүйекте таңғы сағат 10.30-да (Нұр-сұлтан қаласының уақыты бойынша) жоспарлады.

Екінші жыл қатарынан Азия университеттері Альянсының (AUA) барлық мүше-университеттері бірлескен білім беру көрмесін өткізіп келеді. Көрменің ресми сайтында сіз Азияның 15 жетекші университеттерінің қабылдау комиссиялары ұсынған қабылдау туралы ең маңызды ақпаратты және бейнероликтерді таба аласыз.


Назарбаев Университеті тікелей көрсетілімді 2022 жылғы 25 қыркүйекте таңғы сағат 10.30-да (Астана қаласының уақыты бойынша) жоспарлады.

Академиялық мәселелер жөніндегі вице-проректор доктор Лоретта О'Доннелл Назарбаев Университетінің Қазақстандағы бірегей оқу элементтері, оның ішінде зерттеулермен біріктірілген оқыту, түлектердің атрибуттары, академиялық және зерттеушілік адалдыққа біздің назарымыз, сондай-ақ бакалавриат студенттері үшін инновациялар мен стартаптар үшін мүмкіндіктер туралы баяндайды.
 

Студенттерді қабылдауды басқару Кеңсесінің басшысы Нұрхан Омарбеков NU Foundation year бағдарламасы және НУ-дағы бакалавриат бағдарламалары туралы хабарлайды. Сондай-ақ, ол қабылдау процесі туралы барлық сұрақтарға, соның ішінде шетелдік студенттердің стипендияға өтініш беруі, Астана қаласында тұру құны, кампустағы студенттік өмір және бакалавриат студенттері үшін зерттеу мүмкіндіктері сұрақтарына жауап береді.

Біздің тікелей көрсетілімге қосылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар