31 қазан 2017
Осы мақаламен бөлісіңіз2017 жылдың 26-28 қазанында Назарбаев Университетінде «Қазақ тілі мен түркітанудың өзекті мәселелері: ХХІ ғасырдағы рухани жаңғыру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
2017 жылдың 26-28 қазанында Назарбаев Университетінде «Қазақ тілі мен түркітанудың өзекті мәселелері: ХХІ ғасырдағы рухани жаңғыру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция мақсаты – қазақ тілі мен түркітану мәселелерінің ғылыми-теориялық, педагогикалық негіздерін нығайту, тілдік білім берудің әлемдік үздік тәжірибелерін жинақтау. Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық қауымдастығының (ҚазТОХҚ) Жарғысын бекіту.
Шараның міндеттері мына мәселелерді қамтыды: ұлттық сананың рухани жаңғыруының өзегі ретінде қазақ тілінің даму бағыттары; академиялық және кәсіби негізде оқытылу мазмұнын айқындау; озық инновациялық технологияларды қолдану және түркітанудың өзекті мәселелерін талқылау.
Конференция жұмысына шет елдік танымал ғалымдар, профессор Мария Иванич, Сегед университеті (Сегед қ., Венгрия), профессор Юлиан Рентч, Йоханнес Гутенберг университеті (Майнц, Германия), профессор Хенрик Янковский, Адам Мицкевич университеті (Познань, Польша) және және отандық белгілі ғалымдар мен қазақстандық жоғары оқу орындарының PhD докторанттары мен магистранттары қатысты.
Конференция мына бағыттарда жұмыс істеді: