21 наурыз 2024
Осы мақаламен бөлісіңізӨткен аптада «Педагогикалық білім беру моделін енгізу және оның мазмұнын нығайту» атты ірі жоба аясында «Білім берудегі көшбасшылық» үшінші біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша офлайн тренингтер аяқталды.
Бағдарламаны NU Жоғары білім мектебі HAMK және JAMK фин университеттерімен бірлесіп жүзеге асырып келеді. Жобаны Дүниежүзілік банк, Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігі қолдау көрсетті. Оқыту 72 академиялық сағаттан тұрады және гибридтік форматта өтеді, деп жазады Bilimdinews.kz.