form-button success-icon

Success

Thank you, your application has been accepted! We will contact you shortly
form-button success-icon

Қате

Sorry something went wrong. Please try again
барлық оқиғалар
Courses 9 қазан 2023, дүйсенбі

Дайындық мектебі Академиялық Ағылшын тілі курстарының ашылғандығы туралы хабарлайды

#

Дайындық мектебі Академиялық Ағылшын тілі курстарының ашылғандығы туралы хабарлайды

9 қазан 2023, дүйсенбі Courses

Дайындық мектебі жаңа Академиялық Ағылшын тілі курстарының тіркеуі ашылғандығы туралы хабарлайды.

Курстар туралы толық ақпарат төменде:

IELTS 5.0 - 6.0 деңгейлері бар I, II, III ағылшын тілі курстары

Курстардың форматы: Офлайн (Назарбаев Университетінің кампусы)

Бір курстың ұзақтығы: 12 апта (жұма және сенбі күндерінің кешкі уақыт аралығы)

Назарбаев Университетінің ағылшын тілінің академиялық курстары кімге арналған?

  • Студенттер мен түлектерге: біздің ұсынылып отырған курс кешенінің көмегімен ағылшын тілінде оқытатын мектептер мен университеттерде білім алуға дайындалыңыз. Көп мәдениетті оқу ортасында жетістіктерге жетуге қажетті дағдыларды игере аласыз. Біздің курс бакалавриат бағдарламысының түлектеріне әрі қарай ағылшын тілінде магистр және философия докторы бағдарламаларын жалғастыру үшін өте қолайлы;
  • Мамандарға: бұл курс Қазақстанның ұлттық және трансұлттық компанияларында жұмыс істейтін мамандар үшін де қолайлы. Мансаптық өсу және тиімді іскерлік қарым-қатынас үшін ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттырыңыз.

Бізді неге таңдайды?

  • Академиялық және кәсіби ағылшын тілінің курстары: біз тілдік дағдыларды жан-жақты дамытуды қамтамасыз ете отырып, академиялық және кәсіби контекстті қамтитын ағылшын тілі курстарын ұсынамыз;
  • Оқытудың инновациялық әдістері және білікті оқытушылар: біздің білікті ағылшын тілінің оқытушылары тиімді нұсқаулар беру үшін заманауи оқыту әдістерін қолданады;
  • Ыңғайлы оқыту кестесі: біз сіздің жұмыс кестеңізге сәйкес келетін ыңғайлы кешкі уақыт аралығы мен демалыс күндерінде өтетін оқу нұсқаларын ұсынамыз;
  • Назарбаев Университетінің ақпараттық ресурстары: сіздің оқу процесінің тиімділігін жақсарту үшін Назарбаев Университетінің ақпараттық ресурстарына қол жеткізу.

Академиялық ағылшын тілі курстары туралы қосымша ақпарат алу үшін сілтемеге басыңыз.

Курстарға тіркелу үшін сілтемесіне өтіңіз.

Құрметпен,

Дайындық мектебі


Байланыс ақпараты: nu_prep@nu.edu.kz


Осы мақаламен бөлісіңіз

Осы айдың басқа оқиғалары

Кездесу 3 қазан

Ғарыш саласындағы мансап перспективалары

Құрметті студенттер мен әріптестер!Біз сіздерді «Ғалам» ЖШС-нің  жетекші инже...
Workshop 17 қазан

Халықаралық ғылыми симпозиумға шақырамыз

Webinar 10 қазан

NU GSPP зерттеу семинары #5