Сіз болашағыңызды инженерия немесе IT саласымен байланыстырғыңыз келеді ме? Онда Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің (NU SEDS) кезекті Ашық есік күніне келіңіз! Шараның ақпараттық сессиялар, заманауи зертханаларға экскурсиялар, инженерлік сайыстар, студенттер мен түлектеріміздің кездесуінен тұратын қызықты бағдарламасы сізге біздің мектеппен әрі мамандықтармен жақынырақ танысуға толыққанды мүмкіндік бермек.
Іс-шара бағдарламасы: 10:00 – 10:30
Тіркелу
10:30 – 11:00
Оқуға қабылдаудағы соңғы өзгерістер және жоғары сынып оқушыларына арналған пайдалы кеңестер
2023-2024 оқу жылына оқуға қабылдаудың жаңа талаптары туралы маңызды ақпарат.
11:00 – 12:00
SEDS академиялық бағдарламалары туралы ақпараттық сессиялар
Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің алты кафедрасы ұсынатын академиялық бағдарламаларға кіріспе:
• 11:00 – 11:10: Құрылыс және экологиялық инженерия кафедрасы – «Неліктен құрылыс және экологиялық инженерия мамандығын таңдаған жөн?»
• 11:10 – 11:20: Химиялық инженерия және материалдар технологиясы кафедрасы – «Химиялық инженериядағы инновациялар: болашақтың материалдары мен шешімдері қалай жасалады?»
• 11:20 – 11:30: Механикалық және аэроғарыштық инженерия кафедрасы – «Неге Механикалық және аэроғарыштық инженерияны таңдау керек?»
• 11:30 – 11:40: Электротехника және компьютерлік инженерия кафедрасы – «Электротехника және компьютерлік инженерия дегеніміз не?»
• 11:40 – 11:50: Робототехника кафедрасы – «Болашақтың инженериясы: роботтар біздің әлемді қалай өзгертеді?»
• 11:50 – 12:00: Компьютерлік ғылымдары кафедрасы – «Компьютер ғылымдары неліктен болашақтың мамандығы?»
12:00 – 13:00
Зертханаларға экскурсия
12:00 – 13:00
Инженерлік сайыстар
• Мұнара салу турнирі
• Arduino дамыту лагері
• «Тышқан қақпаны» сайысы
• «Лабораториядан қашып шығу» ойын-сайысы
• CodeChef бағдарламалау сайысы
• Роботтық қолды дамытуға арналған сайыс
13:00 – 14:00
Студенттер және түлектермен кездесу
Студенттеріміз бен түлектеріміздің осы оқу орынына қалай түскені, қалай оқығаны және қандай жетістіктерге жеткені туралы қызықты әңгімелерін тыңдаңыз және пайдалы ақыл-кеңестерін алыңыз
Сізбен кездесуді асыға күтеміз!
Байланыс ақпараты: Зейнет Мусабаева, 8778 533 21 59
1 қараша
Мәдениет
5 қараша
Мәдениет