form-button success-icon

Success

Thank you, your application has been accepted! We will contact you shortly
form-button success-icon

Қате

Sorry something went wrong. Please try again
барлық оқиғалар
Кездесу 14 желтоқсан 2021, сейсенбі

Панельдік сессия: “Жасанды Интеллект және Білім беру: Жасанды интеллект саласындағы болашақ мамандарды ғылым мен инновацияға қалай оқыту керек?”

#

Панельдік сессия: “Жасанды Интеллект және Білім беру: Жасанды интеллект саласындағы болашақ мамандарды ғылым мен инновацияға қалай оқыту керек?”

14 желтоқсан 2021, сейсенбі Кездесу

2021 жылғы 14 желтоқсан күні сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты (ISSAI) “Жасанды Интеллект және Білім беру: Жасанды интеллект саласындағы болашақ мамандарды ғылым мен инновацияға қалай оқыту керек?” панельдік сессиясын өткізеді.

Сессияның бірінші бөлімінде ISSAI негізін қалаушы-директоры доктор Атакан Варол ISSAI зерттеу жобалары туралы ақпарат пен және Институттың жасанды интеллект (ЖИ), деректер ғылымы және ақылды жүйелер саласындағы тәжірибесімен бөліседі. Содан кейін өтетін панельдік пікірталасты доктор Вассилиос Турассис жүргізеді.

ЖИ саласындағы көрнекті сарапшылар мен ғалымдар қазіргі кезде жасанды интеллект саласында қандай дағдылар мен білім керек екендігі, соңғы үрдістер, бәсекеге қабілетті болу үшін қажет тәсілдер мен шынайы өмірде ЖИ саласындағы сәтті мысалдар туралы айтып береді. Сондай-ақ, спикерлер ЖИ саласындағы жаңа технологиялар және еңбек нарығының болашағы туралы ой бөліседі. Пікір алмасуға G42, Causaly және Jusan Bank сияқты компаниялардың cарапшылары мен технологиялық директорлары қатысады.

Сессия ЖИ саласындағы ағымдағы үрдістер мен әзірлемелер туралы, еңбек нарығының болашағы туралы, сондай-ақ қажетті дағдылар мен білім туралы түсінік алу үшін тамаша мүмкіндік береді. Сессия қатысушылары спикерлерге өз сұрақтарын қоя алады.

Күні: 14-ші желтоқсан 2021 ж.

Уақыты: 15:00-17:00

Өтетін орны: Дубай Экспо, Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны, Конференц зал

Тіркелу мына сілтеме бойынша


Байланыс ақпараты:


Осы мақаламен бөлісіңіз