Сіздерді Назарбаев Университеті ұйымдастыруымен алғаш рет өтетін Жыл Сайынғы NU Зерттеу Конференциясына шақырамыз. Маңызы ерекше бұл іс-шарада Қазақстанның барлық өңірлерінен жетекші зерттеушілер, ғалымдар мен студенттер бас қосатын болады. Астана қаласында орналасқан кампусымызда өтетін бұл Конференция Қазақ Ұлттық ғылым академиясының негізін қалаушы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына арналады.
Конференцияның тақырыбы: «Қазақстанда ғылыми зерттеулердің болашағын қалыптастыру: Табысқа бірлесе жету» инновацияларды ынталандыратын бірлестік рухты көрсетеді. Бұл конференция Қазақстан алдында тұрған қазіргі және болашақтағы сын-қатерлерге бірлескен шешімдер тауып, оларды ілгерілетуге арналған интеллектуалды ынталандыратын кеңістікті құру мақсатында әртүрлі салалардағы сарапшылар мен зерттеушілердің басын қосады. Сіз тәжірибелі сарапшы, жас зерттеуші немесе ой көшбасшысы болғаныңызға қарамастан, бұл үш күндік пәнаралық Конференцияда терең білім алып, және зерттеу сұрақтары бойынша ой алмасуға қолайлы мүмкіндік береді.
Конференция туралы толығырақ ақпаратты arc.nu.edu.kz сайтынан алуға болады.
Байланыс ақпараты: Phone: +7 7172 69 49 73 Email: arc@nu.edu.kz
19 қыркүйек
Tests
14 қыркүйек
Info-sessions