Құрметті НУ қауымдастығы!
Сіздерді Microsoft корпорациясынан 11 сәуірде онлайн форматта өтетін "AI in Education: Path to the Future" тақырыбындағы кездесуге шақырамыз. Бұл іс-шара жасанды интеллект білім беру саласын қалай өзгерте алатындығы тақырыбына арналған. Білім саласындағы майталмандар, мұғалімдер мен студенттер үшін соңғы инновациялар мен тенденцияларды талқылаудың бірегей мүмкіндігі.
Конференция аясында сіз AI саласындағы соңғы жетістіктер және олардың білімге алып келетін өзгерістері туралы және Microsoft жетекші сарапшылары мен қонақтарының шабыттандыратын баяндамаларын тыңдай аласыз. Сонымен қатар Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты (ISSAI NU) зерттеуші постдокторанттары Жанат Махатаева мен Төлеген Ахметов баяндама өткізетін болады.
Оқу процесіне AI интеграциясы бойынша практикалық кеңестер алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Күні: 11 сәуір 2024 ж.
Уақыты: 10:00 - 12:20
Тіл: Орыс
Формат: онлайн
Сілтеме бойынша тіркелу: https://msevents.microsoft.com/event?id=2637622964
Іс-шара Microsoft-пен ұйымдастырылған.
Байланыс ақпараты: aliya.mukhidinova@nu.edu.kz