Сізді Назарбаев Университеті Кітапханасы, НУ Гуманитарлық ғылымдар мектебі Қазақ тілі және түркітану департаменті және Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетімен бірлесе отырып ұйымдастырылатын «Гендерлік білім беру форумы: білім беру арқылы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту» атты семинар-форумның құрметті қонағы болуға шақырамыз.
Академиялық қоғамдастықта гендерлік теңдікті нығайтуға деген ұмтылысымызды көрсету мақсатында өткізілетін семинар-форум 2024 жылдың 1 наурызында Халықаралық Әйелдер күні мерей тойына арналған апталық аясында Назарбаев Университетінің Кітапханасында (5e228 аудитория) өтеді.
Семинар - форум барысында “Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарындағы гендерлік білімнің ғылыми концепциясы: теориялық - методологиялық негіздері” грантының (AP19680587) жоспарына сәйкес әлемдегі ғылыми және ресми мекемелердегі гендерлік білім беруге байланысты байланысты ЭЛЕКТРОНДЫ АҚПАРАТТЫҚ КАТАЛОГЫНЫҢ тұсаукесері өткізіледі.
Біз гендерлік білімнің маңыздылығын зерттеуді, білім беру бағдарламаларын жергілікті мәдениеттің ерекшеліктеріне бейімдеуді және студенттердің жынысына қарамастан оқу және зерттеу үшін инклюзивті ортаны құруды мақсат етеміз. Сіздің осы жиынға қатысуыңыз іс-шараны байытып, инклюзивті және прогрессивті академиялық ортаны құруға көмектесетіні сөзсіз.
Байланыс ақпараты: library@nu.edu.kz