Онлайн өтінім беру соңғы мерзімдері:
- Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 2023 жылғы 18 сәуірді қоса алғанда (23:59 Астана уақыты бойынша);
- Шетелдік үміткерлер үшін 2023 жылғы 28 ақпанды қоса алғанда (23:59 Астана уақыты бойынша).
Конкурсқа қатысу үміткер келесі қадамдарды орындауы қажет:
1. admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу;
2. Сауалнама нысанасын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу;
3. Тіркелу жарнасын төлеу (тіркелу жарнасының сомасы қайтарылмайды).
Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді;
4. «Submit application» батырмасын басу арқылы тіркелуді аяқтау. Тіркелгеннен соң өтінім нысанына өзгерістер енгізілмейді.
5. Жеке кабинеттегі нұсқауларға сәйкес электронды IELTS/TOEFL нәтижелерін тікелей Тест әкімшісінен және сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинеттегі («Upload IELTS/TOEFL results» бөліміндегі) функционал арқылы ұсыну.
- IELTS (IELTS Online тестінен басқа) тапсыру үшін код: NU
- TOEFL IBT (TOEFL Home Edition-нан басқа) тапсыру үшін код: 6762
Келесі қадамдар:
Қабылдау департаментінен жіберілетін ақпаратты электрондық поштаңыздан тексеріңіз, ал өтініміңіздің жағдайын білу үшін Жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Тіркеу кезінде сұрақтар туындаған жағдайда, admissions.smg@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хатта ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен әрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.
Назарбаев Университетіне оқуға түсу мәселелері бойынша Қабылдау департаментінің Байланыс орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.
Телефоны: + 7 (7172) 94 02 30
Электрондық поштасы: info_admissions@nu.edu.kz