барлық хабарландырулар
2023, наурыз 10

Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебі “Іскерлік әкімшілендіру cаласындағы докторантура” жаңа бағдарламасына түсу үшін онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімін жалғастырады!

Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебі “Іскерлік әкімшілендіру cаласындағы докторантура” жаңа бағдарламасына түсу үшін онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімін жалғастырады!

Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің “Іскерлік әкімшілендіру саласындағы докторантура” бағдарламасына онлайн өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 2023 жылғы 18 сәуірге (Астана уақыты бойынша 23:59) дейін жалғасады.

Конкурсқа қатысу үшін келесіні орындау қажет:

1. admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу;

2.  Өтінім беру нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу;

3. Тіркелу жарнасын төлеу (тіркелу жарнасының сомасы қайтарылмайды).

Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді;

4. «Submit application» батырмасын басу арқылы өтініш беруді аяқтау. Тіркелгеннен соң өтінім нысанына өзгерістер енгізілмейді.

5. IELTS (IELTS Online тестінен басқа) / TOEFL IBT (TOEFL Home Edition-нан басқа) электрондық нәтижелерін тікелей Тест әкімшісінен және сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинеттегі («Upload IELTS/TOEFL results» бөліміндегі) функционал арқылы ұсыну.

●    IELTS (IELTS Online тестінен басқа) тапсыру үшін код: NU

●    TOEFL IBT (TOEFL Home Edition-нан басқа) тапсыру үшін код: 6762

Студенттерді оқуға қабылдау департаментінен жіберілетін ақпаратты электрондық поштаңыздан тексеріңіз, ал өтініміңіздің жағдайын білу үшін Жеке кабинетіңізді тексеріңіз. 

Өтініш беру кезінде сұрақтар пайда болса, admissions.gsb@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хат жіберген кезде ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен әрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз. Студенттерді оқуға қабылдау департаменті электрондық хаттарға келіп түсу реті бойынша жұмыс уақытында жауап береді. Осыған байланысты, өтінішті соңғы күнге дейін қалдырмауға кеңес береміз. 

Назарбаев Университетіне оқуға түсу мәселелері бойынша Байланыс орталығына  хабарласуыңызды сұраймыз.

Телефоны: + 7 (7172) 94 02 30

Электрондық поштасы: info_admissions@nu.edu.kz   

2023, наурыз 10

Осы мақаламен бөлісіңіз