барлық хабарландырулар
2022, мамыр 26

Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебі Қазақстан Республикасының азаматтары үшін “Іскерлік әкімшілендіру магистрі” және  “Қаржы жөніндегі ғылым магистрі” бағдарламаларына түсу үшін онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімінің ұзартылуы туралы хабарлайды

Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебі Қазақстан Республикасының азаматтары үшін “Іскерлік әкімшілендіру магистрі” және  “Қаржы жөніндегі ғылым магистрі” бағдарламаларына түсу үшін онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімінің ұзартылуы туралы хабарлайды

Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің “Іскерлік әкімшілендіру магистрі” және “Қаржы жөніндегі ғылым магистрі”  бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 2022 жылғы 01 маусымға дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 23:59) ұзартылатын болады.
 
Конкурсқа қатысу үшін келесіні орындау қажет:

  1. www.admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу;
  2. Сауалнама нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу;
  3. Тіркелу жарнасын төлеу (тіркелу жарнасының сомасы қайтарылмайды). Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді;
  4. «Submit application» батырмасын басу арқылы өтініш беруді аяқтау.
  5. IELTS / TOEFL (Home Edition-тан басқа) электрондық нәтижелерін тапсыру және сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинеттің “Upload IELTS/TOEFL results” бөліміне жүктеу.
  • IELTS тапсыру үшін код: NU
  • TOEFL (Home Edition-нан басқа) тапсыру үшін код: 6762

Осы процестерді аяқтағаннан кейін өтінім нысанына өзгерістер енгізілмейді.
 
Өтініш беру кезінде сұрақтар пайда болса, admissions.gsb@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хат жіберген кезде ЖСН мен әрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз. Студенттерді оқуға қабылдау департаменті электрондық хаттарға келіп түсу реті бойынша жұмыс уақытында жауап береді. Осыған байланысты, өтінішті соңғы күнге дейін қалдырмауға кеңес береміз.

2022, мамыр 26

Осы мақаламен бөлісіңіз