Назарбаев Университеті Биологиялық ғылымдар және технологиялар саласындағы ғылым магистрі бағдарламасына онлайн өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 2023 жылғы 2 мамырға дейін (Астана уақыты бойынша 23:59) ұзартылатын болады, Химия саласындағы докторантура және Өмір туралы ғылымдар саласындағы докторантура бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 2023 жылғы 25 cәуірге дейін (Астана уақыты бойынша 23:59) ұзартылатын болады.
Конкурсқа қатысу үшін келесіні орындау қажет:
1. admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу;
2. Өтінім беру нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу;
3. Тіркелу жарнасын төлеу (тіркелу жарнасының сомасы қайтарылмайды).
Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді;
4. «PAY AND SUBMIT APPLICATION» батырмасын басу арқылы өтініш беруді аяқтау.
5. IELTS / TOEFL (Home Edition-тан басқа) электрондық нәтижелерін тапсыру және сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинеттің “Upload IELTS/TOEFL results” бөліміне жүктеу.
* IELTS тапсыру үшін код: NU
* TOEFL (Home Edition-нан басқа) тапсыру үшін код: 6762
Осы процестерді аяқтағаннан кейін, өтінімге өзгерістер енгізілмейді.
Өтініш беру кезінде сұрақтар пайда болса, admissions.ssh@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хат жіберген кезде әрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.