барлық хабарландырулар
2025, қыркүйек 27

Университет алдындағы дайындық бағдарламасына және бакалавриат бағдарламасына 2026-2027 оқу жылына түсуге онлайн өтінімдерді қабылдау басталды

Университет алдындағы дайындық бағдарламасына және бакалавриат бағдарламасына 2026-2027 оқу жылына түсуге онлайн өтінімдерді қабылдау басталды

Университет алдындағы дайындық бағдарламасына және бакалавриат бағдарламасына 2026-2027 оқу жылына түсуге онлайн өтінімдерді қабылдау басталды. 

Онлайн өтінімдерді беру мерзімдері:

  • «NUET талапкерлері» санаты үшін, шетелдік талапкерлерді қоса алғанда – 2025 жылғы қараша;
  • басқа санаттар үшін – 2026 жылғы қаңтар;
  • Full-tuition based шетел талапкерлері (елге келмес бұрын виза керек болса – 2026  жылғы мамыр/маусым;

  • “Full tuition based талапкерлері” санаты үшін  - 2026 жылғы шілде.

Барлық санаттар бойынша нақты өтінім беру мерзімдері жақын арада сайтта жарияланады.

 

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін талапкер келесі әрекеттерді орындауы керек:

1. admissions.nu.edu.kz порталында тіркелу және Жеке кабинет ашу;

2. Өтінім беру нысанын толтыру және қажетті құжаттарды жүктеу:

Жеке куәліктің және/немесе төлқұжаттың сканерленген көшірмесі;

Таңдалған санатты растайтын құжаттар (толық ақпарат Жеке кабинетте орналасқан);

Конкурстық іріктеу және талаптар туралы толығырақ ақпаратты осында табуға болады.

3. Өтінімді беру үшін «Pay and submit application» батырмасын басу.

Тіркелу жарнасы қайтарылмайтынын ескеріңіз. Белгіленген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде және/немесе ұзарту кезеңінде (егер бар болса) өтінім бергендер үшін тіркелу жарнасы бастапқы құнынан үш есе көтерілетінін хабарлаймыз. Өтінімді жібергеннен кейін оған өзгерістерді енгізу мүмкін емес.

4. Жеке кабинеттегі нұсқаулыққа сәйкес IELTS/TOEFL нәтижелерін ұсыну.
 

Маңызды:

Назарбаев Университетіне IELTS/TOEFL және Digital SAT/ACT сертификат нәтижелерін ұсыну үшін жарамды сертификаттардың ресми электрондық нұсқасы Тест әкімшісінен тікелей Назарбаев Университетіне жіберілуі қажет. Осыған қосымша талапкер сертификаттардың сканерленген көшірмесін Жеке кабинетіне жүктеуі қажет. Толық Нұсқаулық пен талаптар Жеке кабинетте қолжетімді.

Барлық санаттар үшін тест нәтижелерінің ұсыну мерзімдері nu.edu.kz сайтында «Қабылдау» -«Оқуға қабылдау шарттары» - «Университет алдындағы дайындық бағдарламасына және бакалавриат бағдарламасы» - «Маңызды күндер» бөлімінде көрсетіледі.

Қосымша әрекеттер:

НУ веб-сайтындағы жаңартуларды қадағалаңыз, өтінім беру нысанында енгізілген электрондық поштаңызды, ал өтініміңіздің статусын білу үшін Жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Онлайн өтінімді беру кезінде қиындықтар туындаған жағдайда info_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына жазуды сұраймыз. Міндетті түрде ЖСН (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін) және Жеке кабинетте берілген нөмірді көрсетіңіз (Applicant ID).

Cәттілік тілейміз!

 

2025, қыркүйек 27

Осы мақаламен бөлісіңіз