барлық хабарландырулар
2022, желтоқсан 6

Назарбаев Университеті Медицина мектебінің және Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің докторантура бағдарламаларына 2023-2024 академиялық жылына оқуға түсуге онлайн өтінімдерді қабылдаудың ашылғандығын хабарлайды!

Назарбаев Университеті Медицина мектебінің және Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің докторантура бағдарламаларына 2023-2024 академиялық жылына оқуға түсуге онлайн өтінімдерді қабылдаудың ашылғандығын хабарлайды!

Онлайн өтінім беру соңғы мерзімдері:
● Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 2023 жылғы 18 сəуірді қоса алғанда (23:59 Астана уақыты бойынша);
● Шетелдік үміткерлер үшін 2023 жылғы 28 ақпанды қоса алғанда (23:59 Астана уақыты бойынша).
Конкурсқа қатысу үміткер келесі қадамдарды орындауы қажет:
1. admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу;
2. Сауалнама нысанасын толтыру жəне Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың
сканерленген көшірмесін жүктеу;
3. Тіркелу жарнасын төлеу (тіркелу жарнасының сомасы қайтарылмайды).
Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді;
4. «Submit application» батырмасын басу арқылы тіркелуді аяқтау. Тіркелгеннен соң өтінім нысанына өзгерістер енгізілмейді;
5. Жеке кабинеттегі нұсқауларға сəйкес электронды IELTS/TOEFL нəтижелерін тікелей Тест əкімшісінен жəне сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинеттегі («Upload IELTS/TOEFL results» бөліміндегі) функционал арқылы ұсыну.
● IELTS(IELTS Online тестінен басқа)тапсыру үшін код:NazarbayevUniversity

● TOEFLIBT(TOEFL Home Edition тестінен басқа)тапсыру үшін код:6762
Келесі қадамдар:
Студенттерді оқуға қабылдау департаментінен жіберілетін ақпаратты электрондық поштаңыздан тексеріңіз, ал өтініміңіздің жағдайын білу үшін Жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Тіркеу кезінде немесе онлайн өтінімге қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, admissions.nusom@nu.edu.kz (Медицина мектебі) и admissions.smg@nu.edu.kz (Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі) электрондық пошталарына хат жіберуіңізге болады. Хатта ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен əрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.
Назарбаев Университетіне оқуға түсу мəселелері бойынша Байланыс орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.
Телефоны: + 7 (7172) 64 25 84
Электрондық поштасы: info_admissions@nu.edu.kz

2022, желтоқсан 6

Осы мақаламен бөлісіңіз