барлық хабарландырулар
2024, сәуір 17

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін кейбір магистратура және докторантура бағдарламаларына түсу үшін онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімінің ұзартылуы

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін кейбір магистратура және докторантура бағдарламаларына түсу үшін онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімінің ұзартылуы

Назарбаев Университеті магистратура және докторантура бағдарламасына онлайн өтінімдерді қабылдау төмендегі кестеге сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ұзартылды: 

Мектеп

Бағдарлама түрі

Онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімі

IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі

Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебі

Магистратура

25 сәуір 2024 ж. (Астана уақыты бойынша 13:00-ге дейін)

3 мамыр 2024 ж.

Докторантура

29 сәуір 2024 ж. (Астана уақыты бойынша 13:00-ге дейін)

6 мамыр 2024 ж.

 

Медицина мектебі

 

Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі

 

Жоғары білім беру мектебі

 

Магистратура

25 сәуір 2024 ж. (Астана уақыты бойынша 13:00-ге дейін)

10 мамыр 2024 ж.

Докторантура

29 сәуір 2024 ж. (Астана уақыты бойынша 13:00-ге дейін)

6 мамыр 2024 ж.

Жоғары мемлекеттік саясат мектебі

Магистратура

6 мамыр 2024 ж. (Астана уақыты бойынша 13:00-ге дейін)

13 мамыр 2024 ж.

Докторантура

6 мамыр 2024 ж. (Астана уақыты бойынша 13:00-ге дейін)

15 мамыр 2024 ж.

Жоғары бизнес мектебі

Докторантура

25 сәуір 2024 ж. (Астана уақыты бойынша 13:00-ге дейін)

3 мамыр 2024 ж.

Конкурсқа қатысу үшін келесіні орындау қажет:

1. admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу;

2. Өтінім беру нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу;

3. Тіркелу жарнасын төлеу (тіркелу жарнасының сомасы қайтарылмайды) және «PAY AND SUBMIT APPLICATION» батырмасын басу арқылы өтініш беруді аяқтау.

Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді.

Осы процестерді аяқтағаннан кейін, өтінімге өзгерістер енгізілмейді.

4. IELTS (Online test басқа) / TOEFL (Home Edition-тан басқа) электрондық нәтижелерін тапсыру және сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинеттің “Upload IELTS/TOEFL results” бөліміне жүктеу.

  • IELTS тапсыру үшін код: NU
  • TOEFL (Home Edition-нан басқа) тапсыру үшін код: 6762

Өтініш беру кезінде сұрақтар пайда болса, info_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хат жіберген кезде әрбір үміткерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.

2024, сәуір 17

Осы мақаламен бөлісіңіз