Назарбаев Университеті 2023-2024 академиялық жылына Университет алдындағы дайындық бағдарламасына ақылы оқуға түсу үшін онлайн өтінімдерді 2023 жылғы 1 наурыздан 30 маусымға (Астана қ. уақыты бойынша сағат 23:59) дейін қабылдайтынын хабарлайды.
Конкурсқа қатысу үшін талапкер келесі талаптарды орындау қажет:
1. admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп, Жеке кабинет ашу;
2. Өтінім беру нысанын толтыру және қажетті құжаттарды жүктеу:
- Жеке куәліктің және/немесе төлқұжаттың сканерленген көшірмесі;
- Үлгіге сәйкес оқу орнынан берілген анықтаманың немесе қосымшасы бар аттестат/дипломның нотариалды куәландырылған (бар болған жағдайда) сканерленген көшірмесі;
- SAT/ACT сертификатының электронды көшірмесі (сонымен қатар ресми электронды нәтижелерді Тест әкімшісі арқылы NU-ға жіберу);
3. Тіркелу жарнасын төлеу (тіркеу жарнасының сомасы - 3000 теңге, қайтарылмайды). Өтінімдерді қабылдау мерзімінің соңғы екі аптасында, сонымен қатар, аталған мерзімді ұзарту кезеңінде тіркелу жарнасының құны үш есе өседі (9000 теңге).
Тіркелу жарнасы онлайн/интернет транзакция жасауға арналған төлеу банк картасы арқылы Жеке кабинетте «My Application Forms» бөлімінде төленеді;
4. “Submit application” батырмасын басу. Бұдан кейін өтінім нысанына өзгерістер енгізілмейді.
5. IELTS/TOEFL/Linguaskill нәтижелерін Жеке кабинеттегі нұсқаулық бойынша ұсыну.
Маңызды:
1. Назарбаев Университетіне IELTS/TOEFL/Linguaskill және SAT/ACT сертификаттарты ұсыну үшін жарамды сертификаттардың ресми электрондық нұсқасы Тест әкімшісінен тікелей Назарбаев Университетіне жіберілуі қажет. Осыған қосымша, талапкер сертификаттардың сканерленген көшірмесін Жеке кабинетіне жүктеуі қажет. Толық Нұсқаулық Жеке кабинетте қолжетімді.
- IELTS - NU
- TOEFL - 6762
- Linguaskill - NU
- SAT – 7915
- ACT – 5521.
2. Осы тесттер келесі мерзімдерге дейін тапсырылуы қажет:
- IELTS/TOEFL/Linguaskill – 2023 жылғы 30 маусым
- SAT – 2023 жылғы 3 маусым
- ACT – 2023 жылғы 10 маусым
- Тест нәтижелерін тапсыру соңғы мерзімі 2023 жылғы 11 шілде.
Келесі қадамдар:
Өтінім беру нысанына енгізілген электронды поштаңызды тексеріңіз, ал өтініміңіздің статусын білу үшін Жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Тіркелу кезінде сұрақтар пайда болса, info_admissions@nu.edu.kz электронды поштасына хат жіберуіңізге болады. Хат жіберген кезде ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен Жеке кабинетте берілетін Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.
Конкурстық іріктеу және талаптар туралы толық ақпарат осы сілтеме бойынша қолжетімді.
Cәттілік тілейміз!