Университет алдындағы дайындық бағдарламасына және бакалавриат бағдарламасына оқуға түсуге онлайн өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 16 қазаннан басталды.
Онлайн өтінімдерді беру мерзімі:
-
«NUET үміткерлері» санаты үшін, шетелдік талапкерлерді қоса – 2023 жылғы 4 желтоқсан (Астана уақыты бойынша 12:00-ге дейін);
-
басқа санаттар үшін (ҚР азаматтары) – 2024 жылғы 27 наурыз (Астана уақыты бойынша 12:00-ге дейін);
-
шетелдік талапкерлер үшін – 2024 жылғы 29 ақпан (Астана уақыты бойынша 12:00-ге дейін).
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін талапкер келесі әрекеттерді орындауы керек:
1. admissions.nu.edu.kz порталында тіркелу және Жеке кабинет ашу;
2. Өтінім беру нысанын толтыру және қажетті құжаттарды жүктеу:
-
Жеке куәліктің және/немесе төлқұжаттың сканерленген көшірмесі;
-
Ағылшын тілінде жазылған мотивациялық хат;
-
Таңдалған санатты растайтын құжаттар (толық ақпарат Жеке кабинетте орналасқан)
Конкурстық іріктеу және талаптар туралы толығырақ ақпаратты осында табуға болады.
3. Өтінімді беру үшін «Pay and submit application» батырмасын басу.
Тіркелу жарнасыны қайтарылмайтынын ескеріңіз. Белгіленген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде және/немесе ұзарту кезеңінде (егер бар болса) өтінім бергендер үшін тіркелу жарнасы 15 000 теңгеге дейін көтерілетінін хабарлаймыз.
Өтінімді жібергеннен кейін оған өзгерістерді енгізу мүмкін емес.
4. Жеке кабинеттегі нұсқаулыққа сәйкес IELTS/TOEFL нәтижелерін ұсыну.
Маңызды:
Назарбаев Университетіне IELTS/TOEFL және SAT/ACT сертификат нәтижелерін ұсыну үшін жарамды сертификаттардың ресми электрондық нұсқасы Тест әкімшісінен тікелей Назарбаев Университетіне жіберілуі қажет. Осыған қосымша талапкер сертификаттардың сканерленген көшірмесін Жеке кабинетіне жүктеуі қажет. Толық Нұсқаулық пен талаптар Жеке кабинетте қолжетімді.
Барлық санаттар үшін тест нәтижелері ұсыну мерзімдері «Бағдарламалар түрлері» - «Бакалавриат» - «Маңызды күндер» nu.edu.kz сайтында бөлімінде жаңартылады.
Қосымша әрекеттер:
НУ веб-сайтындағы жаңартуларды қадағалаңыз, өтінім беру нысанда енгізілген электрондық поштаңызды, ал өтініміңіздің статусын білу үшін Жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Онлайн өтінімді беру кезінде қиындықтар туындаған жағдайда info_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына жазуды сұраймыз. Міндетті түрде ЖСН (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін) және Жеке кабинетте берілген нөмірді көрсетіңіз - Applicant ID.
Cәттілік тілейміз!