барлық хабарландырулар
2023, қыркүйек 26

Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламаларына 2023-2024 академиялық жылының ортасынан бастап ақылы негізде оқуға онлайн өтінімдерді қабылдау басталды!

Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламаларына 2023-2024 академиялық жылының ортасынан бастап ақылы негізде оқуға онлайн өтінімдерді қабылдау басталды!

Назарбаев Университеті 2023-2024 академиялық жылына арналған бакалавриат бағдарламаларына жыл ортасынан бастап ақылы негізде оқуға онлайн өтінімдерді қабылдау туралы хабарлайды. Онлайн өтінімдер 2023 жылғы 26 қыркүйек пен 30 қараша аралығын қоса алғанда қабылданады (Астана уақыты бойынша 11:59 дейін).

Осы конкурсқа өтінім берген талапкерлер грант тағайындау конкурсына қатыса алмайды. Қабылдау талаптары мен шарттары талапкерлердің стандартты қабылдаумен бірдей. Бұл іріктеуден қабылданған студенттер оқуын көктемгі семестрде бастайды.

Конкурсқа қатысу үшін талапкер келесіні орындауы қажет:

1. admissions.nu.edu.kz порталында тіркеліп Жеке кабинет ашу;

2. Өтінім беру нысанын толтыру және қажетті құжаттарды жүктеу:

  • Жеке куәліктің және/немесе төлқұжаттың сканерленген көшірмесі;
  • Қосымшасы бар аттестат/дипломның, A-level/NIS Grade 12 Certificate-ның (A-level/NIS сертификатының иегелері үшін) немесе қосымшасы бар IB Diploma (IB Diploma иегелері үшін) нотариалды куәландырылған сканерленген көшірмесі;
  • Ағылшын тілінде жазылған мотивациялық хат.

3. “Pay and Submit application” батырмасын басу арқылы өтінімді жіберу.

Тіркеу жарнасының сомасы қайтарылмайтынын ескеріңіз Белгіленген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде және/немесе ұзарту кезеңінде (егер бар болса) өтінім бергендер үшін тіркелу жарнасы 15 000 теңгеге дейін көтерілетінін хабарлаймыз.

Өтінімді жіберілгеннен кейін сауалнама нысанына өзгерістер енгізілмейді.

4. IELTS /TOEFL iBT нәтижелерін кабинеттегі нұсқаулық бойынша ұсыну.

Маңызды:

1. Назарбаев Университетіне IELTS/TOEFL iBT және SAT/ACT сертификаттарын ұсыну үшін, жарамды сертификаттардың ресми электрондық нұсқасы Тест әкімшісінен тікелей Назарбаев Университетіне жіберілуі қажет. Осыған қосымша талапкер сертификаттардың сканерленген көшірмесін Жеке кабинетіне жүктеуі қажет. Толық Нұсқаулық жеке кабинетте қолжетімді. Стандартталған сынақтың расталған нәтижелерін жіберу үшін келесі кодтарды пайдаланыңыз:

  • IELTS - NU
  • TOEFL - 6762
  • SAT – 7915
  • ACT – 5521.

Тест нәтижелерін тапсыру соңғы мерзімі 2023 жылғы 30 қараша.

Келесі қадамдар:

Өтінім беру нысанына енгізілген электронды поштаңызды тексеріңіз, ал өтініміңіздің жағдайын білу үшін Жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Тіркелу кезінде сұрақтар пайда болса, info_admissions@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жіберуіңізге болады. Хат жіберген кезде ЖСН (ҚР азаматтары үшін) мен әрбір талапкерге берілетін Жеке кабинеттегі Applicant ID нөмірін жазуды ұмытпаңыз.

Конкурстық іріктеу және талаптар туралы толық ақпарат осы сілтемеде қолжетімді.

Cәттілік тілейміз!

2023, қыркүйек 26

Осы мақаламен бөлісіңіз