Магистратура бағдарламаларына оқуға түсуге онлайн өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 16 қарашада басталды.
Онлайн өтінімдерді беру мерзімі:
- Шетел азаматтары үшін – 2024 жылғы 29 ақпан (Астана уақыты бойынша 13:00-ге дейін);
- Қазақстан Республикасының азаматтары үшін Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің, Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің, Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебінің, Медицина мектебінің, Жоғары білім беру мектебінің Жоғары бизнес мектебі мен Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің бағдарламаларынан басқа барлық бағдарламалары бойынша – 2024 жылғы 18 сәуір (Астана уақыты бойынша 13:00-ге дейін);
- Қазақстан Республикасының азаматтары үшін Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің бағдарламалары бойынша - 2024 жылғы 29 сәуір (Астана уақыты бойынша 13:00-ге дейін);
- Қазақстан Республикасының азаматтары үшін Жоғары бизнес мектебінің Қаржы жөніндегі ғылым магистрі бағдарламасына бойынша - 2024 жылғы 30 мамыр (Астана уақыты бойынша 13:00-ге дейін);
- Қазақстан Республикасының азаматтары үшін Жоғары бизнес мектебінің Іскерлік әкімшілендіру магистрі бағдарламасына бойынша - 2024 жылғы 14 маусым (Астана уақыты бойынша 13:00-ге дейін).
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткер келесі әрекеттерді орындауы керек:
1. admissions.nu.edu.kz порталында тіркелу және Жеке кабинет ашу;
2. Өтінім беру нысанын толтыру және Жеке кабинетте көрсетілген қажетті құжаттардың сканерленген көшірмесін жүктеу.
Конкурстық іріктеу және талаптар туралы толығырақ ақпаратты осында табуға болады.
3. Өтінімді беру және қайтарылмайтын тіркелу жарнасын төлеу үшін «Pay and submit application» батырмасын басу.
Тіркелу жарнасы 10 000 теңгені (Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары үшін) құрайды. Тіркелу жарнасы өтінімдерді қабылдаудың бірінші ресми бекітілген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде немесе өтінімдерді қабылдауды ұзарту кезеңінде (егер бар болса) төленген жағдайда төленетін сомадан 3 есе артады.
Өтінімді жібергеннен кейін оған өзгерістерді енгізу мүмкін емес.
4. Жеке кабинеттегі нұсқаулыққа сәйкес IELTS/TOEFL нәтижелерін ұсыну.
Маңызды:
Назарбаев Университетіне IELTS/TOEFL және GRE/GMAT (керек болған жағдайда) сертификат нәтижелерін ұсыну үшін жарамды сертификаттардың ресми электрондық нұсқасы Тест әкімшісінен тікелей Назарбаев Университетіне жіберілуі қажет. Осыған қосымша үміткер сертификаттың сканерленген көшірмесін Жеке кабинетіне жүктеуі қажет. Толық Нұсқаулық пен талаптар Жеке кабинетте қолжетімді.
Тест нәтижелері ұсыну мерзімдері «Қабылдау» - «Бағдарламалар түрлері» - «Магистратура» - «Маңызды күндер» nu.edu.kz сайтында бөлімінде жаңартылады.
Қосымша әрекеттер:
НУ сайтындағы жаңартулар мен өтінім беру нысанында енгізілген электрондық поштаңызды қадағалаңыз, ал өтініміңіздің статусын білу үшін Жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Онлайн өтінімді беру кезінде қиындықтар туындаған жағдайда өтінім беру нысанының жоғарғы оң жағында көрсетілген электрондық поштаға жазуды сұраймыз. Хаттың тақырыбында міндетті түрде Жеке кабинетте берілген нөмірді (Applicant ID) және бағдарлама атауын көрсетіңіз.
Cізге сәттілік тілейміз!