Құрметті талапкерлер!
Сіздерді NUFYP және бакалавриат бағдарламаларына қабылдау қағидаларында келесі өзгерістер туралы хабарлаймыз:
1. NUFYP және бакалавриат бағдарламаларына бірыңғай өтінім беру нысаны. Тіркелу жарнасы да бір рет төленеді;
2. Конкурсқа келесі санаттар қатыса алады: NUET талапкерлері, SAT/ACT талапкерлері, халықаралық және/немесе республикалық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары, A-level, NIS Grade 12 Certificates иегерлері және IB дипломының иегерлері.
Маңызды: NUFYP бағдарламасына конкурсқа қатысу үшін NUET талапкерлері санатын таңдау қажет. Қалған санаттар, сондай-ақ NUET талапкерлері санатын қоса, бакалавриат бағдарламасына қарастырылады;
3. SAT/ACT талапкерлері санаты үшін: конкурста тек Digital SAT нәтижелері қарастырылады. SAT/ACT нәтижелері, егер олар 2024 жылғы 1 тамызға дейін қолданылу мерзімі аяқталмаған болса ғана жарамды болып есептелінеді. Яғни 2022 жылғы 1 тамызға дейін тапсырылған тест нәтижелері қабылданбайды. SAT/ACT нәтижелері superscoring-сіз қарастырылады;
4. A-level, NIS Grade 12 Certificates және IB дипломының иегерлерлері санаты үшін; конкурстық іріктеуде 2022 және 2023 жылдары алынған A-level; NIS Grade 12 Certificates және IB дипломының соңғы баллдары ғана қарастырылады;
5. Барлық санаттар үшін: IELTS/TOEFL тестілерінің нәтижелері, егер олар 2024 жылғы 1 тамызға дейін қолданылу мерзімі аяқталмаған болса ғана жарамды болып есептелінеді. Яғни 2022 жылғы 1 тамызға дейін тапсырылған тест нәтижелері қабылданбайды.
Бұл өзгерістер өтінім беру процесін жеңілдетуге, оқуға шақыру хаттарын күту уақытын қысқартуға және оқуға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Түсіністік танытқаңыз үшін алғысымызды білдіреміз және Назарбаев Университетінің талапкерлер қатарынан көруді үміттенеміз.
Құрметпен,
Студенттерді оқуға қабылдау департаменті