ұрметті Назарбаев Университетіне оқуға түсушілер!
Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Назарбаев Университетіне оқуға түсу үшін құжаттардың курьерлік пошта арқылы төмендегі мекенжайға қабылданатындығын естеріңізге саламыз.
Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., 010000
Қабанбай батыр даңғылы 53,
Назарбаев Университеті
Қабылдау департаменті
Осы орайда, курьерлік пошта қызметіне құжаттар Университеттің Тұран даңғылындағы бақылау-өткізу пунктіне жеткізілуі тиіс екендігін ескерткендеріңіз жөн.
Құжаттардың қағаз нұсқаларын Қабылдау департаментінен тиісті нұсқау алған талапкерлер ғана тапсырады.
Сұрақтар туындаған жағдайда info_admissions@nu.edu.kz электронды поштасы немесе +7(7172) 642584 телефоны арқылы хабарласыңыз.
Құрметпен,
Қабылдау департаменті