Құрметті талапкерлер мен үміткерлер!
«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының бағдарламаларына (Жоғары бизнес мектебінің бағдарламалары мен Медицина мектебінің (2 жылдық «Медбикелік іс бакалавры» бағдарламасын қоспағанда) өтінім қабылдаудың бірінші ресми бекітілген соңғы мерзіміне дейінгі екі апта ішінде және/немесе ұзартылған мерзім кезінде тіркелу жарнасының көлемі бекітілген сомадан үш есеге көтерілетіні туралы хабарлаймыз.
|
Бағдарлама |
Стандартты тіркелу жарнасы |
Кеш тіркелу жарнасы* |
|
Университет алдындағы дайындық бағдарламасы (NUFYP) |
3 000 теңге |
9 000 теңге |
|
Бакалавриат бағдарламалары (екінші мамандықты таңдауды қоса алғанда) |
5 000 теңге |
15 000 теңге |
|
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі, Инженерия және сандық ғылымдар мектебі, Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі, Медицина мектебі (Медицина докторы мен Резидентура бағдарламаларын қоса алғанда), Жоғары мемлекеттік саясат мектебі мен Жоғары білім беру мектебінің магистратура және докторантура бағдарламалары |
5 000 теңге |
15 000 теңге |
*өтінімдерді қабылдаудың бірінші ресми бекітілген соңғы мерзіміне дейінгі екі апта ішінде және/немесе ұзартылған мерзім кезінде тіркелу жарнасын төлейтін жағдайда
Осы өзгеріс тіркелу жарнасын әлі төлемеген барлық талапкерлер/үміткерлерге тиісті. Сол себептен стандартты тіркелу жарнаны төлеу мүмкіндігін өткізіп алмау ушін сіз таңдаған бағдарламаға өтінім берудің соңғы мерзімін Университет сайтының Қабылдау - Бағдарламалар түрлері бөлімінен қадағалауды сұраймыз.
Осы тақырып туралы қосымша сұрақтар бойынша Байланыс орталығымызға info_admissions@nu.edu.kz электрондық пошта немесе +7 (7172) 64 25 84 ; +7 (747) 094 02 30 нөмірлер арқылы хабарласуға болады.