Назарбаев университетінің (НУ) Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің (NU SSH) физика саласындағы докторантура бағдарламасы Қазақстанда және шетелде академиялық салада, өнеркәсіпте және зерттеу саласында мансабын жоспарлайтын студенттер сарапшы деңгейінде озық дағдылар мен білім алуы үшін әзірленген. Бағдарлама озық курстардан өту және жоғары деңгейде зерттеу дағдыларын дамыту арқылы білімді жетілдіруге бағытталған.
Физика саласындағы докторантура бағдарламасы болашақта өнеркәсіптің жоғары технологиялық салаларын және ғылымды қажетсінетін экономиканы дамытудың негізі ретінде Қазақстан үшін басым салаларда шоғырланады. Бағдарлама аяқталғаннан кейін студенттер физика саласы мен пәнаралық салалардағы көптеген тақырыптарға тәуелсіз, инновациялық, стандартты емес және жоғары сапалы зерттеулер жасап, жүргізе алады. Сонымен қатар, бағдарлама түлектері өнеркәсіптік және академиялық салаларда, соның ішінде университетте профессорлар, аға зерттеушілер, жоғары технологиялармен айналысатын кәсіпкерлер, инженерлер, өнімдерді әзірлеушілер лауазымдарында жұмыс істеуге дайын болады және ғылым мен технологиялар саласындағы стратегияларды әзірлей алады.
Кампус: Астана, Қазақстан
Оқыту тілі: Ағылшын
Оқу форматы: күндізгі, кампуста
Ұзақтығы: 4 жыл
Жалпы ECTS кредит саны: 240
1-ші оқу жылы
2-3 оқу жылы
4-5 оқу жылы
5-ші оқу жылы
(*) НУ түлектері үшін курс жойылып, кафедра меңгерушісінің келісімімен таңдалған элективті пәнге ауыстырылуы мүмкін.
(**) 800 деңгейлі модульдері бар барлық қатысушы мектептер мен кафедралар.
Өндірістік және академиялық ортада университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, аға ғылыми қызметкерлер, инженерлер және әзірлеушілер лауазымдарында.